Новости:
13 мамыр 2016 жыл
1916 ж. көтерілісі туралы
Орталық мемлекетік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкері Ж.Ә. Қаламбаеваның отбасылық альбомында кеңестік мектепте 1916 ж. естелік оқиғалар туралы өткен іс-шаралар фотосуреттері сақталған.
Бұл оқиғаның маңыздылығы «Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Движение Алаш. Сборник документов и материалов. 3 т. 1 кітап. Сәуір 1920–1928 жж. Апрель 1920–1928 гг. – Алматы: Ел-шежіре, 2007. – 25 бет» кітаптың алғы сөзінде жақсы ашылған.
«Бұдан бұрын ұлттық интеллигенция қатарлары бөлінді, оны М. Шоқай кезінде әділ атап өтті. Бұл 1916 ж. патшаның “туземного население” деп аталатын тыл жұмыстарына жұмылдыру жарлығына бйланысты болды.
А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және тағы басқалар бастаған қазақ ұлттық элитасының бөлігі патшаның жарлығын қолдады, олардың бұрынғы орыс казак әскерлері үлгісі бойынша қазақ жігіттердің арасынан кавалериялық бөлімдерді құру мүмкіндігі туралы тактикасынан шыққан. Болашақ Алаш көшбасшылары патша жарлығына наразылық білдірген халықты қолдамады, көтеріліске қарсы болды. Оны «артық және қажетсіз қантөгіс» деп есептеген. Бұл элита бөлігі жұмылдырған халықпен бірге Батыс майданға кетіп сол жерде нақты 1917 жылдың ақпанына дейін болды.
С. Сейфуллин, О. Жандосов, Ә. Жангелдин, Т. Бокин және тағы басқалар бастаған ұлттық интеллигенцияның басқа бөлігі патшаның жарлығына ашық қарсы шықты және 1916 ж. көтерілісіне қатысты. Уақыт өте келе бұл алшақтық күшейе түсіп бөлінуді аяқтап, қызыл және ақгвардия әскерлер арасындағы саяси құзға айналды».
Кеңестік идеология «қызыл қозғалысты» зерделеуге аса назар аударып зерттеулер аймағынан алашордашылардың идеялары мен олардың қызметін шығарып тастады. Қазіргі заманғы зерттеушілер, керісінше, осы тақырыпты, өзекті емес деп, елемейді. Алайда, жасыратыны жоқ, идеологиялық тапсырыс бойынша зерттеулер өте жиі тұрақты аңыздар құру кезеңінде аяқталды. Қалай болмасын, біздің ойымызша, сақталған фотосуреттер – өткен дәуірдің қызықты куәліктері.
Әлібек Сүлейұлы Қаламбаев (1925–2013 жж.) педагогикалық техникум бітіріп, мектеп мұғалимы болып жүріп тарих мамандығы бойынша жоғары білім алды. 1973 жылы Амангелді Иманов атындағы орта мектеп (Онтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Полторацкое ауылы, қазіргі кезде – Жібек жолы) директоры болып жұмыс істеген. Мектепке 1916 ж. көтерілістің батыры Амангелді Имановтың аты берілгендіктен, көтеріліске және оған қатысқандарға аталған іс-шаралар жиі өткізіліп тұратын. Сайтта жарияланған фотосуреттер көтерілістің басшыларының бірі Амангелді Имановтың мерейтойына байланысты түсірілген. Алғашқы екі сурет осы тарихи тұлға ескерткішінің фонында жасалынды, екіншісінде- Ә.С. Қаламбаев батыр бюстінің алдында тұрған бір топ адамдардың сол жағында бірінші болып тұр. Үшінші фотосуретте – көтеріліс қатысушылардың бірі А. Өкшебаев, бәлкім, аудан тұрғыны.




Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz