Новости:
20 мамыр 2016 жыл
18 мамырда ОМҒТҚА қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұражайының «Мұражай түні-2016» іс-шараларына қатысты. Архивистер мұражай қорларына соғыс жылдарының отбасылық жәдігерлерін тапсырды.
"Мұражай түні" – бүкіл әлемге таралған дәстүр және күнделікті адамдардың іс-өмірінің әрекеттері арқылы өткен дәуірді зерделеуді болжайды. Мәселен, өткен тәулікте республикалық мұражайда "Братство" Ауғанстан ардагерлер Одағының белсенділері ұл балаларға жауынгерлік қаруды жинап бөлшектеуге мүмкіндік берді, нумизматтар "Звон монет" ашық сабағын өткізді, мұражай қызметкерлері «Забытые названия улиц нашего города», «Я знаю историю своего города», «По страницам Красной книги» және тағы да басқа викториналарын ұйымдастырды. Сондай-ақ мұражайда көптеген «Творим вместе» (1 сағат салынған сурет), «Учимся считать быстро» және тағы басқа мастер-класстар өткізілді.
Бағдарлама музыкалық ұжымдар мен Қазақстан Республикасы халық әртістері концертімен аяқталды
Осы күні мұражайларда, сондай-ақ, сыйға тарту акциялары өтеді. Архив директорының орынбасары Б.А. Жұматаева мұражай қорларына Ұлы Отан соғысының ардагері-өз атасының портсигарын тапсырды. Бұл потрсиғар атасымен бірге майданда болған. Портсигардың қақпағында Мәскеу қаласында орнатылған Минин мен Пожарскийдің ескерткіші бейнеленген. Олар 1612 ж. Нижний Новгород тұрғыны бола тұрып, халықтық әскерін жинап поляк-литва әскерін Мәскеуден қуып шыққан. Бұл заттың дайындау уақыты бойынша жанама растауы (1930-ші жылдардың аяғы-1940-шы жылдардың басы), себебі соғыс кезеңінде, билік патриотизм тақырыбын өзекті етіп халық жадына жүгінген
Архивис Е.М. Грибанова мұражай қорына, 1980-ші жылдары Алматы қаласының шеберханаларының бірінде реставрацияланған, трофей тонын сыйлады. Архив сайтында осы заттардың және олардың иелерінің тарихы туралы "Ауызша тарих" бөлімінде айтылды.

Архив қызметкері А. Тұрсыналиева (бірінші қатар, сол жағынан бірінші) музыкалық бағдарлама қатысушыларымен.







Архив қызметкері Е.М. Грибанова мұражайға портсигарды сыйға тартуда.







Е.М. Грибанова трофей тонды қиіп тұр.






ҚР Орталық мемлекеттік мұражай директорының орынбасары Б. Синаят жаңа экспонатпен.

Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz