Новости:
05 шілде 2016 жыл
2016 жылдың 4 шілдесінде ОМҒТҚА қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президенті Архивінде Астана күніне орай өткен «Астана – Тәуелсіз Қазақстанның жетістігі мен гүлденуінің, болашағының символы» атты тарихи-құжаттық көрме тыныстырылымына және дөңгелек үстел отырысына қатысты.
Көрмеде астанамыздың Алматыдан Астана қаласына көшіру оқиғаларының жылнамасын ашатын құжаттар ұсынылды: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың астананы Ақмола қаласына көшіру, мемлекеттік рәміздер мен Президент Байрағын Ақмола қаласына жеткізу туралы ҚР Жоғарғы Кеңесінде сөйлеген сөздері, «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық Заңының мәтіні, астана туралы, Ақмола арнайы экономикалық аймағын құру, Ақмола қаласын еліміздің астанасы етіп жариялау, Ақмола қаласын Астана қаласы етіп атауын өзгерту, Астана қаласында «Астана-Бәйтерек» монументін тұрғызу туралы ҚР Президентінің Жарлықтары, қаулылар, архив коллекцияларынан бірегей фотосуреттер орын алды.
Қатысушыларға «Астана – орындалған арман» атты оның құрылысы, дамуы және қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның өміріндегі алатын орнын айқын бейнелейтін деректі фильм көрсетілді. Сонымен қатар, Алматы қаласы музейі қорынан фотокөрме дайындалды. Алматы қаласының ұлттық-мәдени орталықтарының және Алматы қаласы Оқушылар сарайы өкілдерінің музыкалық бағдарламасымен шара аяқталады.
Дөңгелек үстелге көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, тарихшылар мен Алматы қаласындағы мемлекеттік архив қызметкерлері қатысты.














Все новости

Жаңалықтар

Показать все
25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz