Новости:
14 қараша 2016 жыл
2016 ж. 10 қарашада ОМҒТҚА қызметкерлері ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған суретші Жұмаділхан Керімбектің «Қазақ елім – қазынам» атты жеке көрмесінің ашылуына қатысты.
Жұмаділхан Керімбек – жан-жақты дарынды тұлға. Ол ғалым, педагог, публицист, ақын, сонымен қатар, ол көркемсурет өнерінің көптеген жанрларымен әуестеніп, сурет салуды да жалғастырып келеді. Ол өзінің бұл өнерін негізгі мамандықтарымен шебер үйлестіре біледі. Көптеген өздігінен үйренген суретшілер сияқты Жұмаділхан да түрлі материалдарды сынап қолдануға құштар. Ол акрильді бояуларды, гуашь, тушьті қолданады. Көрмеде 60-тан астам кескіндеме картиналары қойылды. Сонымен қатар, оның графикалық жұмыстары және мазмұндылығымен, айшықтылығымен және ықшамдылығымен, тиімділігімен және экзотикалық жағынан ерекшеленетін ақ-қара түстердің үйлесімді гаммасымен орындалған түрік циклынан алынған жұмыстары да қызғылықты. Суретші жұмыстарының негізгі тақырыбы – сағыныш пен романтика, әрі қазақтың дәстүрлері, адамның Жер-жаһандағы орны туралы философиялық толғаныстар. Автор ұмтылысты, жарқындықты, өзіндік ерекшелікті бейнелейтін әрекет пен жарыққа толы күрделік жанрлық композициялар сомдаған. Автордың әрбір туындысы суретшінің шығармашылығының қызғылықты бір қырын ашады – бірде суретші өзі көрген жайды толқынысты сезім күйімен жеткізсе, келесі бірінде қайталанбас сұлулықтың жан пернесін дөп басады және оның суреттерінде өзінің шығармашылығы үшін сарқылмас рухани шабыт көзі санайтын табиғаттың әрбір көркем сәтінің поэзиясы көрініс тапқан.
Жұмаділхан Керімбек ғалым бола тұра, үнемі шығармашылық ізденісте жүреді, өлеңдер жазады, көптеген публицистикалық, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстардың авторы.















Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz