Новости:
27 қантар 2017 жыл
2017 жылдың 25-ші қаңтарында ОМҒТҚА қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві ХХІІІ-ші қысқы Универсиада қарсаңында ұйымдастырған «Қазақстан спорты – Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің құжаттарында» атты тарихи-құжаттық көрмеге және Дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шара Қазақстанның тарихи-құжаттық мұрасын дәріптеуге және нәсихаттауға бағытталған.
Көрмеде ҚР Президент Архиві қорларында сақталған халықаралық жарыстарда жеткен жетістіктері туралы құжаттар, фотосуреттер көрсетілді. Сонымен қатар, көрмені Қазақ спорт және туризм академиясы музейінің бірегей экспонаттары толықтырды. Атап айтсақ 1936-1959 жж. Олимпиада ойындарының алғашқы құрмет грамоталары, халықаралық жарыстардың медальдары мен кубоктары, Ж. Үшкемпіровтің спорттық киімі, С. Қонақбаевтің бокстық қолғабы жане т. б.
Дөңгелек үстелді ҚР Президенті Архивінің директоры Б.Ә. Жапаров ашты. Жәнеде Ж. Үшкемпіров, А. Жіткеев сынды белгілі Олимпиада чемпиондары, спортшылар, спорт құрылымдарының басшылары, ардагерлері, журналистері, мемлекеттік архивтер мен мұражайлар қызметкерлері, Қазақ спорт және туризм академиясының студенттері қатысты.
Дөңгелек үстел қатысушыларының назарына ЦГА КФДЗ қорынан алынған Қазақстан спорты тарихы туралы деректі фильм ұсынылды.













Все новости

Жаңалықтар

Показать все
25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz