Новости:
30 мамыр 2017 жыл
2017 жылдың 25 сәуірінде Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған, жаппай саяси қуғын-сүргінің басталғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған "1920-1950 жж. Қазақстан мен Батыс Сібірдегі жаппай саяси қуғын-сүргін тарихындағы жаңа есімдер мен фактілер" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға архив директоры Г. С. Сәрсенова және архив қызметкері Е. М. Грибанова қатысты.
Конференция "Еуразия" Гуманитарлық зерттеулер орталығы, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақ Халқы Ассамблея кафедрасы, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақ Халқы Ассамблея кафедрасының ұйымдастыруымен өтті.
Шараға ҚР БҒМ тарих Институтының директоры т. ғ. д Б. Г. Аяған, бірқатар жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамының өкілдері, Украина дипломатиялық қызметкері, ЕҰУ құрметті профессоры П. В. Токарь қатысты. ОМҒТҚА қорларындағы 1930 ж. "Ұмытылған есімдерді іздеу: "ауызша тарих" атты тақырыпта Е. М. Грибанова баяндама жасады. Жеке қорлар құжаттарын қалыптастыру кезінде ОМҒТҚ архивінің мұрағатшылары қор құрушының қызметіне байланысты естеліктерді жазу бастамасын қолға алды. Сонымен қатар отбасылық тарихыда жазылады. Іс жүзінде сталиндік қуғын-сүргіннен зардап шеккендер және құрбандар сол кезеңнің әрбір отбасында кездеседі. Құжаттық жинақтар дайындау кезінде осындай тұлғалар анықталады.






Все новости

Жаңалықтар

Показать все
30 сәуір 2024 жыл
2024 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері белгілі чех ғалымы, шығыстанушы, профессор, «Чехиядағы Азия достары» клубының жетекшісі Иржи Шима және Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің дипломаттарымен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді.


26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz