Новости:
02 маусым 2017 жыл
2017 жылдың 31 мамырында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті қазақ филология және әлем тілдері факультетінің «Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне шолу экскурсиясын өткізді.
Архив мамандары студенттерді ОМҒТҚА қорлары бойынша дайындаған құжаттық көрмесімен таныстырып, архивтің құрылу тарихы, қорлардың құрамы және сипаттамасы, толықтыру көздері, жариялымдар мен жинақтар туралы және айтып берді. Студенттер әсіресе ОМҒТҚА жаппай құғын-сүргіннің басталуына 80 жыл толуына байланысты өткізген «Тарихтағы Тұлға: Қазақстаннның инженерлік-техникалық ғылым зиялылары туралы дерек көздері. 1920–1950 жж.» Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдарына ерекше қызығушылық танытты.
Студенттер үшін өткізілген экскурсия кәсіптік бағдарлау және архивістердің мамандығымен танысу өте маңызды болды








Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz