Новости:
02 қазан 2017 жыл
2017 ж. 29 қыркүйегінде ОМҒТҚ архивінің өкілдері Е.М. Грибанова және Ә.Қ. Еркенова «Қазақстандағы немістердің тарихы мен мәдениеті» кітабының тұсаукесеріне қатысты. Еңбек германия-қазақстандық жоба аясында дайындалды. Авторлары Қазақстан және Германия азаматтары. Кітап орыс және неміс тілдерінде жазылған және хронологиялық шегі үлкен ХIХ ғ. бастап бүгінгі күнге дейін. Тұсаукесерге қатысқандардың арасында: Қазақстандық-неміс университетінің президенті, социологиялық ғылымдар докторы Маркус Кайзер, Германия Федеративтік Республикасының Бас консулы Йорн Розенберг, Германияның зерттеу Институтының және Геттингеннің Шығыс Еуропа қоғамдастығының басшысы, тарих ғылымдарының докторы Альфред Айсфельд болды.
Е.М. Грибанова, еңбекпен алдын ала танысып, кітап туралы пікірін білдірді. Авторлардың кәсіпқойлығына және еңбектерінің нәтижесіне жоғары баға берді. Сонымен қатар Елена Михайловна Германияның зерттеу Институтына ҚР ОМҒТҚ архивінің жариялаған екі құжаттық басылымдарын: «Ғылыми медицина мекемелерінің тарихынан. Қазақстан: 1941–1945 жж. құжаттар және материалдар жинағы» (Алматы, 2015. – 534 б.+8 б. қосымша парақ) және Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары «Тарихтағы тұлға: Қазақстанның инженерлік-техникалық ғылым зиялылары туралы дерек көздері. 1920–1950 жж» 21 сәуір 2017 ж. (Алматы, 2017 ж.– 290 б.+24 б. қосымша парақ) тарту етті.






Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz