Новости:
17 қазан 2017 жыл
2017 жылдың 17 қазанында архив қалашығының конферанция залында қазақ алфавитін латын әліпбиіне көшіру мәселесі бойынша семинар-жиналысы өтті. Семинарды Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттамалар архиві бірлесіп өткізді. Оған екі архивтің қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігін Ғылым комитеті А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының өкілдері және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері мен магистранттары қатысты.
Семинар барысында баяндамашылар 1930 жылдардағы республикамыздың өтпелі кезең тарихына шолу жасады. ХХ ғасырдағы көрші мемлекеттерде латын әліпбиіне көшудің соңғы үлгілерінен мысалдар келтіріліп, бұл ауқымды жобаны іске асыру кезінде пайда болған кейбір техникалық мәселелер талқыланды.
Тіл білімі институтының ғылыми қызметкерлері жиналысқа қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.
Семинарда архивистер аталған тақырыпқа байланысты ҚР ОМА мен ОМҒТҚА қорлары құжаттарынан көрме дайындады.












Все новости