Новости:
24 қазан 2017 жыл
2017 ж. 19-20 қазанында ОМҒТҚА қызметкерлері ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив ісі және құжаттама департаменті, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы, Алматы қаласы Орталық мемлекеттік архиві ұйымдастырған ІІ Республикалық жас архивистер байқауына қатысты. Іс-шара Алматы қ. ОМА кіші залында екінші күні үлкен конференц залында өткізілді. Байқауға республикалық, қалалық, облыстық архивтерден 35 жасқа дейінгі мамандарынан құрылған 12 команда келды.
Байқаудың басты мақсаты жас мамандардың арасында кәсіби қарым-қатынас орнату, сонымен қатар архив ісі бойынша біліктілігін арттыру, жас мамандардың шығармашылық белсенділігін көтермелеу және архивші мамандығының беделін көтеру болып табылады.
Байқаудың бірінші күні архивистер арасында заңнамалар мен архив ісінің біліктілігін тексеру мақсатында тестілеуі өткізілді. Келесі күні командалар сәлемдесуі мен үй тапсырмасын көрсетті, бұл турда архивистер 10 минутта команда жас архившілердің сан қырлы өнерін көрсету арқылы өз архивінің өзекті мәселелері мен даму болашағын креативті түрде ашты. ОМҒТҚ архивінен байқауға қатысқан мамандар: Тұрсыналиева Асель, Бейсембаева Меруерт, Тлеужан Еңлік және Еркенова Әйгерім.
Соңында командалар тиісті номинациялар мен орандарға ие болып сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.










Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
05 наурыз 2026 жыл
2026 жылғы 3-5 наурыз аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкері Е. Скрипко «Азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылған ұйымдардың басшылары» санаты бойынша оқуға қатысты.


04 наурыз 2026 жыл
2026 жылғы 4 наурызда Орталық мемтекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері қоғам қайраткері әрі ұлт мәдениетінің жанашыры, Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі өткізген «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық-ғылыми тәжірибелік конференцияға қатысты.


03 наурыз 2026 жыл
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері деректерді өңдеу орталықтарының (ДӨО) инженерлік инфрақұрылымы бөлігінде технологиялар, шешімдер, сараптама және үздік тәжірибе ұсынылған DCDE Central Asia форумының жұмысына қатысты.


02 наурыз 2026 жыл
2026 жылғы 2 наурызда Орталық мемтекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктері Рабиға Сыздық, Әбдуәли Қайдар, Шора Сарыбаевтың 100 жылдығына орай Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ұйымдастырған «Әзілі жарасқан әз ғалымдар» атты тағылымдық-тәрбиелік кешіне қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz