Новости:
13 қараша 2017 жыл
ОМҒТҚ архивінің директор м.а. Т.Н. Тойбаев және қызметкерлері Ә.Қ. Еркенова және Ж.А. Каламбаева 2017 жылдың 10 қарашасында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасының ашылу салтанатына қатысты
Көрменің ашылу салтанатында алғашқы сөз кезегі ҚР Президенті кеңсесінің бастығы – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директоры м.а. Махмұт Қасымбековке берілді, сонымен қатар құттықтау сөзін айтқандар ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы қ. әкімі Бауыржан Байбек.
Елбасы Кітапханасының жобасы оңтүстік астанамыздағы көпшіліктің назарына ұсынылады. Жобаның негізін Елбасы Кітапханасының қор жинақтарынан құралған «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесі құрды.
Көрменің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Тәуелсіз Қазақстанның тарихи өміріндегі рөлін жүйелі түрде кеңінен көрсету.
Көрермендер назарына Елбасы Кітапханасының архив, кітапхана, музей қорларының материалдары ұсынылды: Н. Ә. Назарбаевтың жоғары мемлекеттік наградаларының бірегей жинағы, Құрандар кітабының жинағы, мемлекет басшылары және қазақстандық авторлар тарту еткен қолтаңбасы бар кітаптар, Н. Ә. Назарбаевтың шет тілдеріне аударылған еңбектері.
Сонымен қатар іс-шараға Алматы қ. архивтерінің директорлары мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері және ЖОО-ның мұғалімдері мен студенттері қатысты.




























Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz