Новости:
20 қараша 2017 жыл
Т.Қ. Қоңыров және оның жеке қор құжаттары

2017 ж. 16 қарашасында ОМҒТҚ архивінің Сараптамалық-тексеру әдістемелік комиссиясының мәжілісінде қазақ тілінде құрастырылып, жүйеленген Тұрағұл Қоңырұлы Қоңыровтың жеке тектік қор құжаттарының тізімдемелері қарастырылды.
Қор құрушы Т.Қ. Қоңыров 1935 ж. мамырдың 20-жұлдызында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, (бұрынғы Семей, Мақаншы ауданы), Қарғалы ауылында дүниеге келген. 1956 ж. Абай атындағы ҚазПИ-дің тарих-филология факультетіне оқуға келіп, оны 1961 ж. аяқтаған. 1961–1963 жылдары Т.Қоңыров Мақаншы ауданының Ақшоқы орта мектебінде мұғалім, мектептің оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет еткен. 1964 ж. өзі бітірген институттың аспирантурасына түсіп, 1967 ж. филология ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болу үшін «С. Сейфуллин поэзиясындағы сөз бейнелеу тәсілдері» тақырыбында диссертация жұмысын қорғап шықты. 1969 ж. қазіргі Абылай хан атындағы халқаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде (бұрынғы шет тілдер педагогикалық институты) «Қазақ филологиясы» кафедрасының меңгерушісі болды. Кандидаттық диссертациядан кейін докторлық диссертацияны қолға алып, 1988 ж. оны «Қазіргі қазақ тілі жүйесіндегі компаративтік конструкциялар» деген тақырыпта үлкен абыроймен қорғап шықты. 1990 ж. филология ғылымдарының докторы, профессор атағына ие болды. Т. Қоңыровтың еңбектері мен зерттеулерінің көпшілігі қазақ тіліндегі теңеулерге арналған болатын. Сол себептен Тұрғағұл Қоңырұлын «теңеулер атасы» деп атаған. 1978 ж. үш томдық «Қазақ теңеулері» сөздігі жарық көрді.
Тұрағұл Қоңырұлының құжаттарын Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне қызы Ақбота Қоңырова 2016 ж. тапсырған. Құжаттар алғашқы рет реттеліп, жүйеленді. Қорда қалыптастырылған құжаттардың хронологиялық шегі 1935, 1950–1995, 2004, 2005, 2015 жж. аралығын қамтиды. Жоғарыда көрсетілген хронологиялық шегіне 1951, 1955, 1962, 1969, 1977, 1983, 1991–1992 жж. аралығындағы құжаттар кірмеді.
Т. Қоңыровтың жеке қорында тіл біліміне байланысты жүргізген ізденістері, қолымен жазылған дәрістері, іскерлік хаттары мен телеграммалары қалдырылды. Қор құжаттарынан 50 іс қалыптастырылды.
Тұрақты мемлекеттік сақтауға дәстүрлі құжаттармен қатар төсбелгілер алынды (№ 30). № 2 тізімдемеге қор құрушының заттай нысандары «автоқаламдары» енгізілді. Мемлекеттік сақтауға қор құрушының 81 фотосуреті алынды. Фотосуреттер 6 іске топтастырылды. Әр істегі фотоқұжатқа жеке сипаттамалар берілді. Т. Қоңыровтың балалық шағында, отбасымен түскен, студенттік, достарымен табиғат аясында, демалыс кездерінде түскен фотосуреттері қалдырылды.

Все новости

Жаңалықтар

Показать все
06 мамыр 2024 жыл
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қалалық мектеп оқушылары мен архив қызметкерлері үшін Ұлы Жеңістің 79 жылдығына арналған «Мәңгілік полк» құжаттық көрмесін ұйымдастырды.


02 мамыр 2024 жыл
2024 жылдың 2 мамырында өткен ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысында Істер номенклатуралары, Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару, және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары, ведомстволық архив және сараптау комиссиялар туралы ережелер, істер тізімдемелері және сақтауға жатпайтын істерді жоюға бөлу туралы актілері жобалары қаралды.


30 сәуір 2024 жыл
2024 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері белгілі чех ғалымы, шығыстанушы, профессор, «Чехиядағы Азия достары» клубының жетекшісі Иржи Шима және Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің дипломаттарымен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді.


26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz