Новости:
20 наурыз 2015 жыл
«Грек-қазақстандықтардың тарихы»

2015 ж. 19 наурызында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының ұйымдастыруымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының Алматы қ. Хатшылығы және Қазақстан грек этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен Достық Үйінде (Алматы қ.) «Грек-қазақстандықтардың тарихы» атты Дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс шара барысында «Сын Казахстана и Эллады: Спиридон Георгиевич Космериди» атты құжаттар мен мәліметтер жинағының таныстырылымы қойылды. Екі оқиғада Қазақстан халқы Ассамблея Жылы құрметіне арналды.
Фойеде Қазақстан грек диаспорасының тұтастай және жеке өкілдерінің өмірлеріндегі ерекше кезеңдерін, олардың республикаға келу тарихын көрсететін «Қазақстан гректері» атты деректі экспозициясы көрсетілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қызметкерлері «Біздің Отанымыз – Қазақстан» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кештің басы грек этномәдени бірлестігінің балалар ансамблінің концерттік бағдарламасымен ашылып, кейін К. Харлампидистің «Рождество и воскресение» деректі фильмімен жалғасын тапты.
Отырысты Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының директоры Сәрсенова Г.С. ашты. Өз құттықтау сөздерін Қазақстан Республикасындағы Грекия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Пантзопулос мырза, Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблея Хатшылығының жетекшісі Абдалиева М.А., Қазақстан халқы Ассамблея төрағасының орынбасары Смирнов А.Б. жолдады.
Сөз сөйлегендер: Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының директоры Сәрсенова Г.С.; Алматы қ. «Эос» грек қоғамдық Кеңесінің төрағасы, Қазақ КСР-нің еңбегі сіңген сәулетшісі, сәулет өнерінің докторы Космериди С.Г.; профессор, сәулет өнерінің докторы Глаудинов Б.А.; Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының директоры, профессор, техника ғылымдарының докторы Джапаров Б.А.; «Филия» Қазақстан грек қоғамы Ассоциациясының президенті Феодориди П.И.; профессор, химия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ксандопуло Г.И.; Қазақстан Республикасының Халық әртісі Кесоглу Л.К.; Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы облысының «Элефтерия» грек Қоғамының төрағасы, химия ғылымдарының кандидаты Иорданиди Г.К.; Қазақстан Республикасының Президенті Мұрағатының бас сарапшысы Чиликова Е.В.
Іс шарада Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлігінің, Алматы қ. Әкімдігінің өкілдері, мемлекеттік мұрағаттардың қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің, ЖОО-ң өкілдері, тарихшылар мен ғалымдар, Алматы қ. жастары қатысты.


Дөңгелек үстел қатысушыларына таратылған сауалнамадан:

Сұрақ: «Грек-қазақстандықтардың тарихы» атты Дөңгелек үстел сияқты іс шараны өткізудің маңызы бар ма? Сіздің ойыңыз?
– Бар, себебі ол белгілі бір дәрежеде грек өмірінің, мәдениетінің, тұрмысы мен құндылықтарының сақталып қалуына үлесін тигізеді;
– Бар, өйткені, өткенді білмей, болашаққа бара алмаймыз;
– Сөзсіз. әрбір сауатты адам өз халқының және көршісінің тарихын білуге міндетті.
Сұрақ: Сіз өзіңіз үшін жаңа нәрсе білдіңіз бе? Көрсетілген не естігендердің ішінен өзіңізге ерекше әсер еткені?
– Лауазымды тұлғалардың көптігі. Қазақстанның барлық халқының бірлігі, төзімділік танытуы;
– Берілген тақырып бойынша бейжай қарамаған, лауазымды тұлғалардың көп болуы әсер етті, жарайсыңдар!!!
– Қазақстан гректерінің көші-қон туралы фильмі өте ерекше әсер қалдырды.
Сұрақ: Сізге деректі көрме ұнады ма? Қандай бөлімі есте қалды?

– Репрессия кезіндегі гректер өмірі;
– Қатты ұнады. Қазақстан жеріне өзге ұлттардың пайда болуы және олардың еліміздің экономикасы мен мәдениетінің дамуына үлесі.
– Иә. Әсіресе, «ХХ ғасырдағы мәжбүрлеп көшкізу жағдайындағы гректер» бөлімі.


«Грек-қазақстандықтардың тарихы» атты Дөңгелек үстелінің қатысушылары. Солдан оңға қарай: хирург, проктолог, медицина ғылымдарының докторы Адамов Г.Г.; Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы облысының «Элефтерия» грек Қоғамының төрағасы Иорданиди Г.К.; ОМҒТҚМ директоры Сәрсенова Г.С.; Қазақстан Республикасындағы Грекия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Пантзопулос Е.; «Филия» Қазақстан грек қоғамы Ассоциациясының президенті Феодориди П.И.; профессор, химия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ксандопуло Г.И.; Алматы обл. Талғар ауданының «Арго» грек қоғамының төрағасы Муратиди К.И.; организатор и руководитель художественной галереи «Грек тавернасы» көркем галереясының (Алматы қ.) ұйымдастырушысы, әрі жетекшісі Калаиджиди Ю.Х.


Дөңгелек үстеліне қатысушылар «Грек-қазақстандықтардың тарихы» атты құжаттар көрмесін қарауда.







Грек этномәдени бірлестігінің Балалар ансамблінің қойылымы.







«Грек-қазақстандықтардың тарихы» атты Дөңгелек үстел мәжілісінің жұмыс кезі. Солдан оңға қарай: Алматы қ. «Эос» грек қоғамдық Кеңесінің төрағасы, Қазақ КСР-нің еңбегі сіңген сәулетшісі, сәулет өнерінің докторы Космериди С.Г.; Қазақстан халқы Ассамблея төрағасының орынбасары Смирнов А.Б.; ОМҒТҚМ директоры Сәрсенова Г.С.; Қазақстан Республикасындағы Грекия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Пантзопулос Е.; «Филия» Қазақстан грек қоғамы Ассоциациясының президенті Феодориди П.И.


«Грек-қазақстандықтардың тарихы» атты Дөңгелек үстел мәжілісінің жұмыс кезі. Солдан оңға қарай: ҚР Президенті Мұрағатының директоры Жапаров Б.А.; Алматы энергетика және байланыс университетінің қызметкері Григориади Г.К.; Алматы қ. ОММ директоры Ботанов А.К.; ОММ КФҚД директоры Сеитова А.Ф.; ҚР ҚМІҒТАО директоры Рахымбаева А.М.; ОМРЛ директоры Исакова Т.П.







«Грек-қазақстандықтардың тарихы» атты Дөңгелек үстел мәжілісі. Жалпы көрінісі.







Мінбеде ОМҒТҚМ директоры Сәрсенова Г.С.







Мінбеде Алматы қ. «Эос» грек қоғамдық Кеңесінің төрағасы, Қазақ КСР-нің еңбегі сіңген сәулетшісі, сәулет өнерінің докторы Космериди С.Г.







«Грек-қазақстандықтардың тарихы» атты Дөңгелек үстелінің қатысушылары. Бірінші қатарда, солдан оңға қарай: ОМҒТҚМ директорының орынбасары Жұматаева Б.А.; Космеридидің С.Г. жары Космериди С.И.; Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауданы бойынша «Эноси» грек Қоғамының төрағасы Карасавиди С.С.; Алматы обл. Талғар ауданының «Арго» грек қоғамының төрағасы Муратиди К.И.; Қазақстан Республикасындағы Грекия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Пантзопулос Е.; ОМҒТҚМ директоры Сәрсенова Г.С.; Қазақстан Республикасының Халық әртісі Кесоглу Л.К.; Алматы қ. «Эос» грек қоғамдық Кеңесінің төрағасы, Қазақ КСР-нің еңбегі сіңген сәулетшісі, сәулет өнерінің докторы Космериди С.Г.; «Print Express» баспасының директоры Нагиева М.; Қазақстан Республикасының Президенті Мұрағатының бас сарапшысы Чиликова Е.В; «Филия» Қазақстан грек қоғамы Ассоциациясының президенті Феодориди П.И. Екінші қатарда, солдан оңға қарай: ОМҒТҚМ қызметкері Печерских В.Е.; Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы облысының «Элефтерия» грек Қоғамының төрағасы Иорданиди Г.К.


Фуршет







«Грек-қазақстандықтардың тарихы» атты Дөңгелек үстелінің қатысушылары. Солдан оңға қарай: ОМҒТҚМ директорының орынбасары Жұматаева Б.А.; Космеридидің С.Г. жары Космериди С.И.; Алматы қ. «Эос» грек қоғамдық Кеңесінің төрағасы, Қазақ КСР-нің еңбегі сіңген сәулетшісі, сәулет өнерінің докторы Космериди С.Г.; ОМҒТҚМ директоры Сәрсенова Г.С.

Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz