Новости:
21 маусым 2018 жыл
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Архив ісі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды.
«Заң жобасының негізгі мақсаты - құжаттаманы қолдаудың жаңа ақпараттық нысандарын белсенді түрде интеграциялануына байланысты және электрондық құжат айналымына толық көшуге байланысты архив саласындағы заңнаманы жетілдіру», - деп белгіледі ҚР Мәдениет және спорт Министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Түзетулер мемлекеттік архив қызметі ұсынатын қызметтердің тізімін, соның ішінде ақылы қызметтерді кеңейтеді: тақырыптық және генеалогиялық сұрауларды орындау, архивтік құжаттарды ретке келтіру, архивтік құжаттарды депозитарлық сақтау және т.б.
Әрине, қабылданған заңнамалық түзетулер республикамыздағы архив саласын әрі қарай нығайтып дамуына, архив ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға, қыз¬мет атқарып жатқан архивістердің жұмысын ынталандыруға, қызығушылығы бар жас мамандарды осы салаға тартуға мүмкіндік береді.

Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz