Новости:
22 сәуір 2015 жыл
«Алма-Ата 1941-1945 жж. Құжаттардағы тыл шежіресі»
Дөңгелек үстелі мен көрмелік жобасының таныстырылымы

2015 ж. 22 сәуірде Алматы қ. Орталық мемлекеттік мұрағатында «Алма-Ата 1941-1945 жж. Құжаттардағы тыл шежіресі» атты деректі көрмесінің ашылуы және дөңгелек үстелінің мәжілісі өткізілді.
Деректі көрмені Алматы қаласының тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы М.Қ Ахетов ашты.
Мұрағаттың кіші конференц-залында дөңгелек үстел мәжілісі ұйымдастырылды. Мәжілісті Алматы қ. ОММ директоры А.К Ботанов кіріспе сөзімен ашты. Кейін қатысушыларға ҚР Орталық мемлекеттік кинофото құжаттары және дыбыс жазу мұрағатының қорынан алынған Ұлы Отан соғысы жылдарындағы киношежірелер қойылды. Алғашқы сөз еңбек майданына қатысушы, ардагер Валентина Васильевна Тищенкоға берілді. Ол соғыс жылдарындағы ауыр жағдай және көптен күткен қуанышты жеңіс хабары туралы естеліктерімен бөлісті. ҚР ПМ директоры Б.А.Жапаров мұрағат қорларында сақтауда жатқан соғыс кезеңіндегі құнды құжаттық мұраны бай екендігін айтып өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында адами капиталдың сақталуына Қазақстанның рөлі туралы Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығының консулы И.В. Переверзев айтып өтті. «Медеу» фотоклубының президенті В.Д. Коренчук Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы зауытының эвакуациялау тарихы туралы және КСБО мен БККИ-ның қызметі жайлы хабарлама жасады.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының директоры Г.С.Сәрсенова 1941-1945 жж. Қазақстанның медициналық ҒЗИ құжаттарында тылдағы күнделікті тілшілік бейнеленгені туралы айтып өтті. Баяндама мұрағат қорларынан алынған құжаттардың көрсетуімен жалғасты. ҚР ПМ бас сарапшысы Е.В. Чиликова Алматы қаласында соғыс жылдарында ЖКТ-ң құрылу тарихын айтып кетті. ҚР ОММ құжаттардың сақталуын ұйымдастыру бөлімінің бастығы М.Баяболды «Тыл еңбегі – майдан жеңісі» атты баяндамажасады. Алматы қ. ОММ қызметкерлері Л.А. Матвеева. және А.Ахбалаева еңбек майданының, көшіріп әкелінген мәдени орталықтарының қатысушылары естеліктері және ауыр соғыс жылдары Алматы қаласы оларды қалай күтіп алғаны туралы айтып өтті. ҚР ПМ сарапшысы А.М. Исаева алматылық тыл еңбеккерлерінің Ұлы Жеңіске қосқан үлестері туралы баяндады. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қарар қабылданды.
Сонымен қатар, бұл күні «Майдандық хаттар» деректі көрмесі мен «Тарих Сіздердің мәңгі ерлікті сақтап жатыр» атты фотокөрмесі таныстырлды.

















Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz