Новости:
12 қазан 2018 жыл
2018 жылдың 11 қазанында ОМҒТҚА қызметкерлері ҚР Мемлекеттік орталық музейі мен Қазақстан Республикасы Швеция елшілігі және Швеция институтымен бірлесіп ұйымдастырған театр және кино саласындағы шведтік көрнекті режиссер, жазушы-сценарист, «Оскар» сыйлығының үш мәрте иегері Ингмар Бергманның 100 жылдық мерейтойына арналған «Ингмар Бергманның өнер мен сән әлеміндегі мұрасы» атты мемориалдық көрмесін ашылуына қатысты.
89 жыл өмір сүрген режиссер 170 астам театр қойылымдарының авторы атанды, 60 астам көркем және деректі фильм түсіріп, олардың көбісінің сценарийін өзі жазды. Ингмар Бергман кинофестивальдердің лауреаты атанды: Канн (7), Венеция (4), Берлин (2), Мар-дель-Плата (1), «Джиффони» (1); АҚШ киносыншыларының Ұлттық кеңесі (3), Нью-Йорк киносыншыларының қауымдастығы (3), Аргентина киносыншыларының ассоциациясы (1), АҚШ киносыншыларының Ұлттық қоғамы (5), Канзас-Сити киносыншыларының Ассоциациясы, Círculo de Escritores Cinematográficos Ассоциациясы (1), Франция киносыншыларының Синдикаты. «Сезар» (1), «Бодиль» (4), «Camerimage» (1), «Давид ди Донателло» (3), Америка режиссерларының гильдиясы, Европа киноакадемиясының, «Алтын қоңыз» (3), «Күміс лента» (5), «Юсси» (1), «Кинэма дзюмпо» (1), «Сант-Жорди» (1) сыйлықтарымен марапатталған.
Бергманның «Седьмая печать» (1957), «Земляничная поляна» (1957), «Персона» (1966), «Шёпоты и крики» (1972), «Фанни и Александр» (1982) атты картиналары әлемдік кинотуындылар қатарына енген.
Экспозиция шебер шығармашылығының сән әлемі, музыка, театр мен биге қосқан үлесін көрсетіп таныстыратын фотоқұүжаттар мен қысқа метражды фильмдерден құралған.






Все новости

Жаңалықтар

Показать все
25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz