Новости:
28 қараша 2018 жыл
2018 ж. 28 қарашасында Алматы қ. Архив қалашығының мәжіліс залында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен «Архив - 2025» жеті жылдық бағдарламасының алғы шарттары және оны жүзеге асыру жұмыстарын талқылау мәселелері Дөңгелек үстел аясында жүзеге асты.
Алғашқы сөз кезегі ОМ КФДЖА директоры Т.Н. Тойбаевқа берілді. Келесі сөз кезегі ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің архив ісі және құжаттама департаментінің Ақпараттық қызмет және мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы А.С. Токтаровқа берілді. Бұл бағдарламалық құжаттың талқылауына ҚР ОМҒТҚА қызметкері Н. Тұрсынбек қатысты.
Қазақстандық және ресейлік архивтердің бірлескен іс-шаралар Жоспарын жүзеге асыру аясында ҚР ОМ КФДЖА «Түрксіб – бірінші бесжылдықтың ұлы құрылысы» сурет көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде ОМ КФДЖА, Ресейдің мемлекеттік кинфотоқұжаттар архиві мен Самара қ. Ресей мемлекеттік архивтерінің қорларынан іріктеліп алынған фотоқұжаттар келушілердің назарына ұсынылды. ҚР ОМ КФДЖА директор орынбасары С.А. Сатаева «Аудиовизуальные документы НАФ РК в контексте сохранения и изучения наследия Великой степи в глобальной истории» атты баяндамасын оқыды. Қатысушылардың назарына ҚР ОМ КФДЖА қорынан алынған «Түрксіб – бірінші бесжылдықтың ұлы құрылысы» атты деректі фильм ұсынылды.
Сондай ақ құжаттық көрмеге тақырыпқа сәйкес ақпараты бар ҚР ОМҒТҚА анықтамалық-ақпараттық қорынан алынған 1920-1930 жж. газеттер қойылды.
Дөңгелек үстелдің жұмысына және сурет көрмесінің ашылуына ҚР Президенті архивінің, ҚР ОМА, ҚР ОМҒТҚА, Алматы қ. ОМА, Алматы облысының мемлекеттік архивінің, Қырғызстан Республикасының кинодыбыс және фотоқұжаттар ОМА өкілдері және зерттеушілер, тарихшылар мен архивистер қатысты.







Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz