Новости:
10 желтоқсан 2018 жыл
2018 ж. 7 желтоқсанында Архив қалашығының мәжіліс залында ОМҒТҚА және ОМ КФДЖ архивінің қызметкерлері «Нур-Авиценум» (Талдықорған қ.) Медицина орталығының директоры Владимир Антонович Крайсманмен кездесуі өтті.
Владимир Антонович Ақтөбе қ. Мемлекеттік медицина университетінде оқу барысында медицина ғылымының докторы Х.Е. Мамановадан тәлім алған, студенттік кездеріндегі естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, ол басқарып отырған медицина орталығы қандай жұмыс атқарып жатқандығын айтып берді.
ОМҒТҚА директоры Б.А. Жұматаева кездесудің қонағына архив қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып өтті. Нақтырақ айтқанда ОМҒТҚА архивіне мемлекеттік сақтауға қабылданған жеке тектік қор құжаттарымен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісіп, жеке тектік қор құжаттары негізінде құжаттар жинақтарын жариялау жұмыстары туралы айтып өтті. Сондай-ақ, В.А. Крайсманға ОМҒТҚА қор құрушысы болуға шақырды.
Кездесуден естелік ретінде архивистер потенциалды қор құрушыға ОМҒТҚА қорлары бойынша жолсілтер және Қазақстанның онкология қызметінің құрушысы С.Н. Нұғмановтың құжаттары негізінде жарияланған «Опередивший время» атты құжаттар жинағын сыйға тартты.





Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz