Новости:
04 қантар 2019 жыл
2018 ж. 26 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулдығымен бірлескен Қытайдың танымал халық композиторы Сянь Синхайды еске алуға арналған мемориалдық фотокөрмесінің ашылу салтанатына ОМҒТҚА қызметкерлері қатысты.
Сянь Синхай (13.10.1905–30.10.1945) – халық музыканты, педагог және коммунист-революционер, сондай-ақ белгілі қытай композиторы, пианист, дирижер болған.
Қазақстан – Қытай достығының белгісі ретінде 1998 ж. 7 қазанында Алматы қаласындағы көшелердің бірі «Сянь Синхай көшесі» атауына өзгертіліп, онда сазгердің құрметіне ескерткіш орнатылды. Сянь Синхай мен қазақстандық композитор Бақытжан Байқадамовтың арасындағы шынайы достықты арқау еткен «Музыкант» қысқа метражды фильмін түсірілген.
Көрме экспозициясында композитордың Қытай мен Парижде оқыған жылдары, достарымен бірге түскен, пролетарлық, музыкалық мәдени шараларға қатысқан, әйелі Цянь Юньлин және қызы Нинамен бірге түскен отбасылық фотосуреттерден тұратын 60-қа жуық суреттер, Лу Синь атындағы Өнер институтына жазған Оқу құралдары, Ресей, Қазақстан, Моңғолияда өмір сүрген жылдары, музыкалық шығармаларының партитуралары, Сянь Синхай және Байқадамовтар отбасылары арасындағы достық ықыласқа толы жылдарды бейнелейтін фотолар қойылған.









Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz