Новости:
04 қантар 2019 жыл
2019 ж. 4 қаңтарында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлының бұйрығымен Алматыдағы «Орталық мемлекеттік архив» РММ директоры болып Қарымсақов Арнұр Жасабекұлы тағайындалды. Ол бұған дейін «Қазқайтажаңарту» РМК басқарған, «Дарын» сыйлығының лауреаты, PhD докторы. Архив ұжымына жаңа директорды Архив ісі және құжаттама департаментінің директоры Бағдат Таңсыбеков таныстырды.
Бұдан кейін департамент директоры Бағдат Қалтайұлы Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві (бұдан әрі – ОМ КФҚДЖА) және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің (бұдан әрі – ОМҒТҚА) жұмысымен танысты. Архив мекемесін аралау барысында «Архив–2025» бағдарламасы аясында жасалатын жұмыстар талқыланып, «Электронды архив» бірыңғай ақпараттық іздеу жүйесіне қатысты ой-пікірлер ортаға салынды. «Ақпараттық технология архив ісін де айналып өткен жоқ. Қағаз түріндегі құжаттарды цифрлық нысанға көшіру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр», – деді ОМҒТҚА директоры Баян Жұматаева. Өз кезегінде ОМ КФҚДЖА директоры Тасқын Тойбаев архив қызметіне байланысты ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, пайдалану негізінде мәлімет алу қажеттілігін қанағаттандыру үшін оңтайлы жағдай жасауға барынша көңіл бөлініп жатқанын атап өтті.











Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz