Новости:
29 мамыр 2015 жыл
2015 ж. 29 мамыр күні С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің мұражайында «Ғылыми медициналық мекемелердің тарихынан. Қазақстан: 1941-1945 жж.» атты кітабының таныстырылымы өткізілді. Жауапты редактор – Сәрсенова Г.С. Құрастырушылар ұжымы: Богданова О.С., Жұматаева Б.А., Грибанова Е.М. (жауапты), В.Е. Печерских – Алматы: Print Exspress, 2015. – 534 б. + қосымша 8 п. Жинақты Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының қызметкерлер ұжымымен дайындалды.
Ұлы Отан соғысы – оған қатысушылармен және олардың ұрпақтарының естерінен бір сәткеде ұмытылмайтын тарих беттерінің бірі. Бұл таңқаларлық емес. Соғыс сияқты төтенше жағдайлардан адамзат баға жетпес және алуан түрлі тәжірибе алады: соғыс өнері, құрбандық болу, өзін-өзі бағалау, жанашырлық, ақырында, аман қалу.
Осы мәселенің төңірегіндегі тақырыптардың барлығы зерттеушілердің назарын аударады. Сол мерзімнің медицинасы және денсаулық сақтауы – ерекшелік емес. Соғыс уақытындағы денсаулық сақтау тарихына жүргізген көптеген зерттеулердің нәтижесінде әскери дәрігерлердің еңбектеріне қорытынды жасалынды. Соғыс кезінде 72,3 % жараланған және 90,6 % науқас жауынгерлер қатарға қайтарылған еді. Егер бұл пайыздарды сандық жүйеге келтірсек, онда 1941-1945 жж. медициналық көмектің арқасында қатарға қайтарылғандардың саны 17 млн адамды құрайды. Осы сандарға қарай отыра соғыс кезіндегі КСРО әскерінің саны (1945 ж. қаңтар айында 6 млн 700 мың адам) анықталады, ал жеңістің белгілі бір мөлшері осы медициналық көмектен кейінгі соғысқа қайтарылған жауынгерлер мен офицерлердің арқасында келді.
1925 ж. алғашқы медициналық профильдегі ғылыми-зерттеу мекемесі – ҚазКСР-нің ДСХК ҚазОАК атындағы өлкелік санитарлық-бактериологиялық институты құрылған. Институттың ашылуына республикадағы эпидемиялық ауыр жағдай негіз болды. Инфекциялық аурулар өршіп тұрған еді: шешек, қызылша, дифтерия, ішек инфекциялары, әсіресе іш сүзегі. 1940 ж. тағы – 4 аналогиялық, соғыстың аяғында – 2 аналогиялық мекемелері құрылды. 1945 ж. Қазақстанның денсаулық сақтау саласында 7 ғылыми-зерттеу институттары қызмет атқарды. Осы тұста атап өтетіні, оның ішіндегі 3-ін негізгі зерттеу мәселесі- инфекциялық аураулар болды. Жалпы қорытындысы – 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы отандық медицинамызға деген құрметімізді туғызады. Барлық алдыңғы соғыстар тәжірибесі ретінде, олардың ешқайсысы эпидемиясыз өткен емес. Қабылданған шаралардың арқасында Республикада жұқпалы аурулардың ірі эпидемиясына жол берілмеді. Жеке-жеке өршулер дереу жойылып тұрды.
Беріліп тұрған материалдар мен құжаттардың жинағы ғылыми-танымал түріндегі тақырыптық басылым болып табылады. Оны дайындау үшін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының сақтауында жатқан Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі ғылыми-зерттеу институттарының 7 қорларының құжаттары бойынша айқындау және таңдау жұмыстары жүргізілді. Берілген мәтіндерде тікелей републикадағы және майдандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылау, түрлі инфекциялық аурулармен күресу үшін жаңа және ғылыми әдістерді табу, жараланғандарды емдеу, сонымен қатар, соғысып жатқан елдің болашағы – әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтау сияқты ҒЗИ қызметкерлерінің еңбектері кеңінен көрсетілген. Кітап түпнұсқа басылым болып табылады: барлық 115 құжаттар алғашқы рет жарияланып отыр.
Таныстырылымның төңірегінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның медициналық ғылыми-зерттеу институттарының жұмысы жайында тарихын бейнелейтін құжаттардың көрмесі мен Кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағатынан алынған «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы медицина» атты құжатты көрмесі ұсынылды.
Жиналғандардың алдында сөз сөйлегендер: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті ректорының кеңесшісі, профессор Ж..Ғ. Мұстафина, университет мұражайының директоры, доцент А.С. Саятова, жалпы гигиена мен экология кафедрасының доценті Г.А. Балмағамбетова, университеттің ұстазы Г.М. Айтжанова.
Жинақ туралы өз хабарламасын Орталық ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының директоры Г.С. Сәрсенова жолдады. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның ғылыми медициналық мекемелерінің тарихын көрсететін жеке құжаттар мен фотосуреттерден тұратын слайд көрсетіліп отырылды.
Іс-шарада медицина университеттің қызметкерлері мен студенттері қатысты. Олар жинаққа өздерінің қызығушылықтарын білдіріп, оған жоғары бағаларын берді. Кітап мол ақпараттан құралып, баға жетпес құндылығына байланысты Орталық ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының ұжымына алғыстарын білдірді.










Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz