Новости:
01 сәуір 2019 жыл
2019 ж. 29 наурызында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Тарих, археология және этнология факультетінің «Мұрағаттану, құжаттану және құжаттармен қамтамасыз ету» мамандығының 4 курс студенттері мен 2 курс магистранттарының және осы жоо мұғалімдерінің қатысуымен өткен тарих ғылымдарының кандидаты Болат Тәжібайұлы Жанаевпен ивент ұйымдастырды.
Ивент қатысушылары 2018 жылғы 5 қазандағы Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауын талқылады. Сонымен қатар, архив директоры Б. Жұматаева өз баяндамасында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында тұжырымдалған «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасында белгіленген архив саласының даму перспективалары туралы айтып өтті.




Все новости

Жаңалықтар

Показать все
25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz