Новости:
21 мамыр 2019 жыл
2019 ж. 17 мамырында ОМҒТҚА қызметкерлері ҚР Мемлекеттік орталық музейі өткізген «МУЗЕЙ ТҮНІ 2019» іс-шарасына қатысты. Музей түнінің ұраны – «Жастар. Бастамалар. Жетістіктер», қазіргі жастардың бастамалары мен жаңашыл идеяларын қолдауға бағытталған.
Биылғы музей түнінде алматылықтар мен қала қонақтарына қызықты интерактивті бағдарламалар, музейдің қор коллекциясынан және жеке жинақтардан құрылған көрмелер, Қазақстан, Түркия және Индонезия шеберлерімен кездесулер мен шеберлік-сабақтар ұсынылды:
• ҚР Мемлекеттік орталық музей қорынан, ҚР Президенті архивінен, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік орталық архивінен алынған заттардан құрылған «Қазақ жазуының тарихы» атты көрмеге келушілерді латын және кириллицада жазылған фотоматериалдармен, архивтік құжаттармен, сирек қолжазбалар және қазақ тіліндегі арабтың өрме жазуында жазылған басылымдармен мен шығыс тиындарымен таныстырды;
• Көрнекті геолог, ғалым, академик Қ. Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Қазақ жерінің ұлы ғалымы» атты көрме;
• Суретші-график, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Фатима Таразидің «Тұран» атты жеке көрмесі;
• Жанар Нүкетаеваның «Менің Жібек жолым» атты батик көрмесі, сонымен қатар көрермендерді жібек арқылы сурет салу өнерімен таныстырып, оригами бойынша шеберлік-сабақтар берді;
• «Түрік шеберлерінің Мозаика өнері / SEHER ALTINER & MOSAIC ALMATY GROUP» көрмесі. ;
• Осы жылғы Музей түнінің қонақтары экзотикалық Индонезия елінен келген музыканттар мен шеберлер, олар дәстүрлі билері мен музыкалық шығармаларын көрсетті, ал Венни А. Аламсях ханым батикқа сурет салу өнері бойынша шеберлік-сабақтар өткізді.
Аталмыш іс-шараға келушілер үшін интерактивті бағдарламалар ұсынылды:
• Қазақстан тарихы бойынша түрлі тапсырмалар берілген «Музейдегі түн» білім беру бағыты;
• «Археологтың қазба жұмысындағы бір күн» келушілерді археология әлеміне шақырып, археологиялық далалық зерттеулерді жүргізу, қазба рәсімімен және ҚР ОММ археологиялық экспедицияларда табылған артефактілердің фрагменттерімен таныстырды;
• Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының студенттері «Сал-серілердің мұрасы» қазақ фольклорының ұлы мұрасымен, Ұлы ақын-жыраулардың шығармашылығымен таныстырды;
• О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің студенттері мен педагогтары қазақ қолөнері мен өнерінің әр түрі бойынша шеберлік-сабақтарын өткізді. Ал араб каллиграфиясы бойынша шеберлік сабағын Қазақ-Египет университетінің студенті Б. Жетпісбаев көрсетті;
• «Шығармашылық әлеміне» атты балалар шеберханасы, онда кішкентай қонақтар қолөнер, кескіндеме, декупаж, робототехниканы және т. б. үйренді.
Іс-шараға музыкалық, хореографиялық шығармашылық ұжымдар, би студиялары мен ансамбльдер, Халық әртістері, қатысып концерт көрсетілді: Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі, Корей мәдени орталығының «Родина» хоры, «TWINKLE JAZZ» скрипкашылар ансамблі, «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблі, П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі, «CUERPO», «Марна», «Asian Students Dance», «Триада Трайбл Денс» топтары, «Жорға», «Империал», «Фуроро», «Кудесники» шоу-балеттері және т.б.
Музей түнінің барлық қонақтары үшін «Палеонтология және археология», «Тарихи этнография», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан және диаспоралар мәдениеті», «Қазіргі Қазақстан» сияқты 4 экспозициялық залдар бойынша тегін экскурсиялар ұйымдастырылды.
ҚР Мемлекеттік орталық музейі серіктестері: «VIP EVENT» продюсерлік орталығы, «RUSLAN BAIDALINOV PROMOTION GROUP», «Бахыт» сәндік-қолданбалы орталығы, «Gerkules Games» балалар ойыншықтарының дүкені, «Visit Almaty» туристік ақпараттық орталығы, №5 оқушылар үйі, №2 мектеп-интернаты, «Qazaq Vent» ЖК монеталық аттракционы, шеберлер Марина Любимова мен Анна Марченко, қышшы Али Асқар, «Мехенди» ЖК, «Prokid Robotech» компаниясы, «Ice cream bar», «Galanz bottlers» АҚ, «Тянь-Шань», «Акмарал Сауда» және «Сакура Tea» шәй компаниялары және т.б.












Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz