Новости:
16 қазан 2019 жыл
2019 ж. 14 қазанында ОМҒТҚА қызметкерлері Ж. Қаламбаева және Л. Ануарханова ҚР Мемлекеттік орталық музейі Польша Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығымен көп жылдық ынтымақтастық аясында Екінші Дүниежүзілік соғыстың 80 жылдығына орай «Күрес және қайғы. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде поляк азаматтары» атты фотокөрменің ашылуына қатысты.
«Күрес және қайғы. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде поляк азаматтары» фотокөрмесінде Польша аумағындағы екінші дүниежүзілік соғыс оқиғалары, сол кезеңнің қасіреті мен қайғысы көрсетіледі. Көрменің құрылымы тақырыптық-хронологиялық ретпен көрсетілген, бұл келушілерге Польшаның Екінші дүниежүзілік соғыста көрген қасіретімен барынша толық танысуға мүмкіндік береді. Екінші дүниежүзілік соғыстың 80 жылдығына арналған аталмыш көрменің мақсаты соғыстың салдары туралы айтып, болған қасірет туралы еске түсіру болып табылады.
«Күрес және қайғы. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде поляк азаматтары» атты фотокөрме жаһандық ауқымдағы халықаралық акция болып табылады, аталмыш көрмені Польша Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Гданьск қ. Екінші дүниежүзілік соғыс музейі әлемнің 62 елінде бірлесіп жүзеге асырады.







Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz