Новости:
28 қараша 2019 жыл
2019 жылдың 28 қарашасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде 1 желтоқсан аталып өтетін мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұжымдық жиналыс өтті.
ОМҒТҚА директоры Б.А. Жұматаева барлық архив қызметкерлерін осы мерекемен құттықтап, оларға архив саласында одан әрі кәсіби өсу мен жетілулер тіледі.
Мерекенің шығу тарихы және біздің мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә.Назарбаевтың рөлі туралы хабарламамен ОМҒТҚА қызметкері Н.Тұрсынбек баяндама жасады. Осы іс-шараға кітап көрмесі дайындалып, онда Елбасы еңбектері, тұңғыш Президенттің қызметтік хронологиясы, сонымен қатар ол туралы баспа басылымдары ұсынылды.






Все новости

Жаңалықтар

Показать все
02 мамыр 2024 жыл
2024 жылдың 2 мамырында өткен ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысында Істер номенклатуралары, Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару, және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары, ведомстволық архив және сараптау комиссиялар туралы ережелер, істер тізімдемелері және сақтауға жатпайтын істерді жоюға бөлу туралы актілері жобалары қаралды.


30 сәуір 2024 жыл
2024 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері белгілі чех ғалымы, шығыстанушы, профессор, «Чехиядағы Азия достары» клубының жетекшісі Иржи Шима және Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің дипломаттарымен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді.


26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz