Новости:
07 ақпан 2020 жылы
2020 жылдың 6 ақпанында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Қазақстан кітаптары» оқу залында көрнекті ғалым және тамаша ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған әл-Фараби атындағы ғылыми орталықтың салтанатты ашылуы болды.
Әл-Фараби ғылыми орталығының ашылу мақсаты – Шығыстың көрнекті ұстазы, философ, ерте ортағасырлық энциклопедист-ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің рухани және ғылыми мұрасын насихаттау.
Ғалымның толық есімі – Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Түрки. Ол 870 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар қаласында (қазіргі Түркістан облысы) Сырдария жағасында дүниеге келген. Жетпіске жуық тілді меңгерген. Платонның, Аристотельдің еңбектерін араб тіліне аударды. Оның еңбектері Шығыс ойшылдарының дүниетанымының қалыптасуына (Ибн-Сина, Ибн Рушд, Ибн-Халдун, Низами, Навои және т.б.), Еуропаның прогрессивті философиялық ойының дамуына (Леонардо да Винчи, Ф. Бэкон, Г. Галилей, Р. Декарт, Б. Спиноза және т. б.) әсер етті, ол латыншаланған Аlpharabius есімімен де танымал болды. Әл-Фараби ілімі Орта Азия, Қазақстан, Кавказ халықтарының ғылыми ойының одан әрі дамуына әсер етті.
Әл-Фарабиден ғылыми тұрғыда бай мұра қалды, оның 160 трактаттары бар. Бізге ұлы ойшылдың әр түрлі тілдерде жазылған және аударылған (қазақ, араб, орыс, парсы, түрік, латын, ағылшын, неміс, француз, өзбек және т. б.) 80-нен астам шығармалары жетті. Олардың арасында: "Жан күші туралы", "Ақыл және түсінік", "Субстанция туралы сөз", "Сұрақтардың мәні", "Заңдар туралы кітап", "Ғалам қозғалысының тұрақтылығы туралы кітап", "Ақыл-ойдың мәні туралы кітап", "Логикаға кіріспе кітабы", "Дәлелдеме кітабы", "Силлогизм шарттары туралы кітап", "Жанның мәні туралы трактат", «Түс көру туралы сөз», "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат", «Ғылымдар анықтамалығы мен классификациясы туралы кітап», «Философия мәні туралы кітап» және тағы да басқа көптеген шығармалары бар.
Ол білім мен ілімнің барлық саласына қатысты дерлік терең пайымдауларын, нақтылы байқауларын және айқын көзқарасы мен ғажап болжамдарын қалдырған. Білімнің ол араласпаған бірде-бір саласы жоқ. Ол араб аристотелизмін белгілі бір философиялық жүйеге дейін көтерді, сондықтан Авиценнадан бастап Шығыстың барлық ғалымдары оны өздерінің Ұстазы санаған, ол тірі кезінде-ақ Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз " деген атаққа ие болды.
Әл-Фараби ақын да, жаратылыстану сынақшысы да, математика білгірі де, медик те, философ және музыкант та болды, ол бірінші болып ғылымды санаттарға бөліп, қазіргі музыкалық мәдениеттің негізін қалады.
Әл-Фараби еңбектерін әлемнің ең ірі кітапханаларынан табуға болады. Ұлы ойшылдың шығармашылығына отандық және шетелдік ғалымдар көптеген зерттеулерін арнады. Ең алғаш Әл-Фараби мұрасын зерделеуге неміс зерттеушісі Ф. Дитерици ден қойды.
ҚР Ұлттық кітапханасындағы әл-Фараби ғылыми орталығы әл-Фараби еңбектерінің және ҚР Ұлттық кітапханасының қорындағы ол туралы жарық көрген басылымдардың тұрақты түрде қызмет көрсететін, баршаға ашық қолжетімді көрмесі іспетті. Орталықта әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, философтың еңбектері және оның әлем халықтарының түрлі тілдеріне аударылған шығармалары, белгілі отандық және шетелдік ғалымдардың, философтардың, тарихшылардың зерттеулері, электрондық басылымдар, мерзімді басылымдардан алынған құжаттардың дерекқоры, еңбектерінің жинағы бар. Орталық қоры үнемі жаңа басылымдармен және материалдармен толықтырылатын болады.
ҚР Ұлттық кітапханасындағы әл-Фараби ғылыми орталығы ойшылдың ғылыми еңбектерінің мұрасын терең зерделеуге және көпшілік іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Орталықта белгілі Фарабитанушы ғалымдармен, академиктермен кездесулер ұйымдастыру, тақырыптық байқаулар, экскурсиялар әл-Фараби туралы фильмдер көрсету және т.б. іс-шаралар өткізуге қажетті жағдайлар жасалды.
Орталық «Агро–Пром Бастау» жеке серіктестігінің құрылтайшылары Сарынов Арман Еркебұланұлы және Қыдыков Бақыт Маратұлының қолдауымен ашылды.
Әл-Фараби ғылыми орталығының ашылу рәсіміне белгілі ғалымдар, жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, ЖОО-ның оқытушылары мен студенттері, БАҚ өкілдері және т.б. қатысты. Орталықтың ашылуына қатысушылар арасында ОМҒТҚА қызметкерлері де болды.















Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz