Новости:
06 мамыр 2020 жыл
2020 жылдың 6 мамырында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі У.С. Бисакаевтың төрағалығымен бейнеконференцбайланысы өтті. Онда екі мәселе қарастырылды: «Электронды архив» жобасын жүзеге асыру және «Цифрлық фабрика» жобасын талқылау.
Бірінші мәселені қарау кезінде архив құжаттарының бірыңғай электрондық алабына интеграциялау процессі мәселелерін шешуіне басты назар аударылды, сондай-ақ, өңірлер бойынша осы жобаға архив қызметкерлерін оқыту.
Екінші мәселе бойынша Бисақаев мырза Қазақтелеком ұсынған «Цифрлық фабрика» жобасы қазіргі уақытта зерттеу сатысында орналасқаны туралы атап өтті. Мамыр айының соңында осы мәселені пысықтап, архивтермен келісіп оңтайлы шешім қабылдау жоспарлануда.
Бұл шараның қорытындылары бойынша хаттама жасалынып, архив мекемелеріне жіберіледі.
Бейнеконференцбайланысқа министрліктің архив ісі және құжаттама департаментінің қызметкерлері, республикалық архивтердің басшылары, сонымен қатар, архив жұмысына жетекшілік ететін аймақтық атқарушы органдардың өкілдері.

Все новости

Жаңалықтар

Показать все
25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz