Новости:
02 қыркүйек 2020 жыл
2020 ж. 27-28 тамызында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Нұр-Сұлтан қ. мемлекеттік архивінің мамандары: директордың орынбасары А.Х. Молдабекова, архив қызметінің басшысы- бас қор сақтаушысы А.М. Қайыпжанова, ведомстволық архивтерді жинақтау қызметінің басшысы Г.С. Кұлмухамбетова тағлымдамадан өтті.
ОМҒТҚА қызметкерлері астаналық әріптестеріне ғылыми-зерттеу және жобалау-сметалық құжаттамамен жұмыс бойынша толық кеңес беріп және әдістемелік көмек көрсетті. Архивістердің әңгімелері барысында жобалық және ғылыми-зерттеу ұйымдарының құжаттарын жинақтау, ғылыми-техникалық өңдеу және құндылығына сараптама жасаудың өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, қонақтар үшін екі тақырыптық экскурсия өткізілді: «ОМҒТҚА басылымдары мен жарияланымдары», «ОМҒТҚА тарихы».
Астаналық әріптестерге естелік үшін құжаттар мен материалдар жинақтары сыйға берілді: «Халида Маманова», «Жадымыздан өше бастаған және жаңа туған есімдерді ғылымның сан тараулы саласынан іздестіру. Қазақстан: 1960-2000 жж.» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Нұр - Сұлтан қ., 2019 ж. 4 қазаны», «Азаматтығы асқақ ғалым. Учёный. Гражданин. Патриот».
Тағылымдама аяқталғаннан кейін қонақтар ОМҒТҚА директоры Б.Жұматаеваға жылы шырайлы қабылдағаны үшін алғыстарын білдірді.






Все новости

Жаңалықтар

Показать все
02 мамыр 2024 жыл
2024 жылдың 2 мамырында өткен ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысында Істер номенклатуралары, Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару, және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары, ведомстволық архив және сараптау комиссиялар туралы ережелер, істер тізімдемелері және сақтауға жатпайтын істерді жоюға бөлу туралы актілері жобалары қаралды.


30 сәуір 2024 жыл
2024 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері белгілі чех ғалымы, шығыстанушы, профессор, «Чехиядағы Азия достары» клубының жетекшісі Иржи Шима және Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің дипломаттарымен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді.


26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz