Новости:
01 қазан 2020 жылы
2020 жылдың 29 қыркүйегінде ОМҒТҚА қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде халықаралық ынтымақтастық аясында Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығымен бірлескен Қытай Халық Республикасының 71 жылдығына арналған, «Ғажайып қолтаңба» атты онлайн көрмесін тамашалады.
Қытай фарфоры - аспан асты империясының мәдениеті мен өнерінің маңызды компоненттерінің бірі. Фарфордан жасалған бұйымдар фарфорға сурет салу өнерін көрсетеді, сонымен қатар ежелгі дәуірлерден бастап әр заманда өз туындылары арқылы әлемдік өнерге құнды үлес қосқан қытай шеберлерінің ғасырлық дәстүрлерін паш етеді.
Ұсынылған заттардың ішінде Талғар қаласынан (Талхир) табылған, Ұлы Жібек жолымен бізге жеткен қыш бұйымдарын көрсететін археологиялық қыш бұйымдары XI-XII ғасырлардағы қытай фарфорынан жасалған, Сун династиясына тиесілі, Алматы маңындағы ежелгі Талхир (Талғар) қаласындағы қазба жұмыстары кезінде табылған тостақтар мен табақтар. XIX ғасырдың 40-жылдарында Орынбор қаласында сатып алынған гүлді оюлар мен қытайлық өрнектері бар фарфордан жасалған ыдыс-аяқтардың ғажайып коллекциясы, құмыралар, оның ішінде Қашқариядан Ш.Уәлиханов әкелген жеке құмырасы, сонымен қатар 20 ғасырдың әр жылдарындағы шай рәсімінің заттары да бар. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа ҚХР басшылары сыйға тартқан құмыралар мен кәдесыйлар да құнды жәдігерлердің бірі болып көрмеге қойылған.







Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz