ќаз
|
рус
Вход
_USERNAME 
_USERPASSWORD 
Авторизация пользователя
ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА
АРХИВI
 
_NEWS:
20 желтоқсан 2020 жылы
2020 ж.14 желтоқсанда «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ директоры Б. Жұматаева мен «ИВИС» компаниясының өкілі Ғ. Әміровамен кездесті. Бұл ұйым баспа басылымдарын, кітаптарды, микрофильмдер мен микрофишаларды, мерзімді басылымдардың электронды дерекқорларын және басқа да ақпараттық ресурстарды тарататын ірі ресейлік компаниялардың бірі болып табылады. Компанияның өнімдері ірі кітапханалар, университеттер, коммерциялық және мемлекеттік кәсіпорындар жұмысының ажырамас бөлігі болды. Әңгімелесу барысында Ғ. Әмірова «ИВИС» компаниясының АҚШ Конгресінің, Итон колледжінің, Гарвард университетінің және т. б. кітапханаларымен байланысы туралы айтып берді.
Б.Жұматаева Ғ. Әміроваға әр жылдары ОМҒТҚА ұжымы дайындаған құжаттар мен материалдар жинақтарын сыйға тартты және архивтің ғылыми өнімдерін жаһандық ақпараттық кеңістікте тарату мақсатында ОМҒТҚА мен «ИВИС» компаниясы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылатынына үміт білдірді.









_ALLNEWS

Жаңалықтар

Показать все
18 қантар 2021 жылы
Ақтоты Райымқұлова Мәдениет және спорт министрі болып қайта тағайындалды


06 қантар 2021 жылы
2021 ж. 5 қаңтарында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив ісі және құжаттама департаментінің басқарма басшысы Гүлзира Қарсақбаева, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова және ҚР Ұлттық архиві директорының кеңесшісі Гауһар Хайруллина архив құжаттарын цифрлау, электрондық архив құру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне келді.


22 желтоқсан 2020 жылы
Сіздерді осындай өте ерекше қиындықтарға толы 2020 жылдың қуанышты оқиғасымен құттықтаймыз! Енді Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелік күндер күнтізбесінде тағы бір күн пайда болды – 22 желтоқсан –Архивистер күні!


20 желтоқсан 2020 жылы
2020 ж. 19 желтоқсанында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова Алматы қаласының мәдениет ұйымдарының басшыларымен кездесті. Кездесу барысында мәдениет саласындағы ең өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары қаралды.


Яндекс.Метрика Web site engine code is Copyright ©2007-2008 by Kasseler CMS. All rights reserved.   Разработка и поддержка: neon-group