2021 жылдың 31 наурызында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Сараптау-тексеру және әдістемелік комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырыста келесі құжаттар қаралды: 1) «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК-нің Құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары; 2) «Ақпараттық және есептеу технологиялары институты» ШЖҚ РМК-нің істер номенклатурасы; 3) «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ-нің істер номенклатурасы; 4) «Көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің істер номнеклатурасы.
Талқылау барысында СТӘК сарапшылары мен мүшелері құрастырушылар ұсынған құжаттарға өз ескертулерін айтты. Барлық құжаттар бойынша тиісті шешім қабылданды.
2021 ж. 16 сәуірінде ОМҒТҚА құжаттардың қор ұстаушысы-медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик Райымқұл Қарақұловтың қызы Ақмарал Райымқұлқызы Қаракуловамен кездесу өтті.
2021 жылдың 31 наурызында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Сараптау-тексеру және әдістемелік комиссиясының кезекті отырысы өтті.