Новости:
27 сәуір 2021 жылы
2021 ж. 27 сәуірде Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғ. Майлыбаевтың төрағалығымен онлайн-мәжіліс өтті. Мәжілісте тұрғындарды вакцинациялау және Алматы қаласының мәдениет мекемелерінің жұмыс тәртібі мәселелері талқыланды.
Коронавирусқа қарсы вакцинация мәселесін талқылау кезінде Ғ. Майлыбаев бұл әр азаматтың ерікті ісі екенін айтты. Сонымен қатар, пандемия кезінде, «кызыл аймақта» тұрған Алматы қаласының тұрғындарын жұмыс ұжымдары мен отбасыларында қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Театрлар мен басқа да мәдениет мекемелерінің басшылары жоспарланған спектакльдерді, шетелдік әртістердің гастрольдері мен репетицияларын бұрынғы режимде өткізу мәселелерін талқылады.
Іс шараға Алматы қаласының мәдениет мекемелерінің, ҚР Ұлттық кітапханасының, республикалық архивтердің басшыларымен қатар ОМҒТҚА қызметкерлері: директор Б.А. Жұматаева, директордың орынбасары М. Б. Шегебаев, бөлім басшысы Ж. Ә. Қаламбаева қатысты.



Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz