Новости:
25 маусым 2021 жылы
2021 ж. 23 маусымында ОМҒТҚА қызметкері Т.И. Әліпбаева Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде суретшілер Жанар Нүкетаева мен Гүлнар Қонаеваның «Екі басқа жан дүние, екі басқа стихия...» көрмесінің салтанатты ашылуына қатысты.
«Екі басқа жан дүние, екі басқа стихия...» көрмесі ерекше техникада жұмыс істейтін екі түрлі суретшіні біріктірді. Өнер арқылы рухани өрнекті таңдаған осы екі керемет әйелдің өмір жолдары да әртүрлі.
Бірақ бұл шеберлердің жұмысындағы бір ерекшелік олардың жұмыстарын ортақ көрмеге біріктіріп, «Екі басқа жан дүние, екі басқа стихия...» деп атауға мүмкіндік берді. Табиғаттың әсем көріністері мен құбылыстары бұл суретшілерге шабыт беріп, шалқытады.






Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz