Новости:
11 қазан 2021 жыл
2021 жылы 7 қазанда ОМҒТҚА кеңес және қазақстандық мемлекеттік, қоғам қайраткері Кешірім Бозтаевтың ұлы - Нұрлан Кешірімұлы Бозтаевпен кездесу өтті.
Кешірім Бозтаев Семей полигонындағы ядролық сынақтарға алғашқы қарсы шыққандардын бірі болып наразылық дауысын көтерді. 1989 жылы 20 ақпанда ол М.С. Горбачевке шифрограмма жіберді және шын мәнінде, ол Семей полигонындағы атомдық қарудың сынақтарына қарсы шыққан алғашқы қарлығашы болды. Оның ұлы Нұрлан Кешірімұлы «Полигон-29 тамыз» қоры кеңесінің төрағасы, Семей өңірі бойынша ҚР Ведомствоаралық үкіметтік комиссиясының мүшесі.
Кездесу барысында Н.К. Бозтаев әкесінің өмірі мен қызметі туралы айтып, құжаттарын ОМҒТҚА мемлекеттік сақтауға тапсыруға ниет білдірді. Архив қызметкерлері қонаққа Әлеуетті жеке тектік құжаттарымен толықтыратын қор құрушыларға арналған жадынаманы танысу үшін берді.


Все новости

Жаңалықтар

Показать все
02 мамыр 2024 жыл
2024 жылдың 2 мамырында өткен ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысында Істер номенклатуралары, Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару, және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары, ведомстволық архив және сараптау комиссиялар туралы ережелер, істер тізімдемелері және сақтауға жатпайтын істерді жоюға бөлу туралы актілері жобалары қаралды.


30 сәуір 2024 жыл
2024 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері белгілі чех ғалымы, шығыстанушы, профессор, «Чехиядағы Азия достары» клубының жетекшісі Иржи Шима және Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің дипломаттарымен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді.


26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz