Новости:
17 ақпан 2022 жыл
2022 жылдың 17 ақпанында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің архиві ұйымдастырған, республикамыздың көрнекті мемлекет қайраткері Жұмабай Шаяхметовке арналған дөңгелек үстел отырысына онлайн режимде қатысты.
Жұмабай Шаяхметов – Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы (1946-1954 жж.), КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар Кеңесінің төрағасы (1950–1954 жж.).
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президенті Архиві директорының орынбасары Қ.Ш. Әлімғазинов ашты. Дөңгелек үстелге қатысушылар алдымен күні кеше өмірден өткен, Қазақстан Республикасы Президентінің Архивін біраз жылдар (1997-2004) басқарған Людмила Давлетқызы Дегитаеваны еске алып, құрмет көрсетті.
Одан кейін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы З.Е. Қабулдинов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы М.Қ. Қойгелдиев, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы, техника ғылымдарының докторы Б.А. Жапаров, М. Жүнісов (Омбы), Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде ұйымдастырылған Ж. Шаяхметовтың жеке текті қорына бірқатар құжаттарды тапсырған Ж. Шаяхметовтың немерелері Р.Р. Шаяхметов және А.Р. Шаяхметов, тарих ғылымдарының докторы Л.А. Ахметова, А. Раисов (Омбы), тарихшы Л.А. Гривенная (Петропавл), Нархоз университетінің профессоры. экономика ғылымдарының кандидаты Е.М. Бутин қатарлылар Ж. Шаяхметовтың өмірі мен қызметі туралы баяндамалар мен хабарламалар жасады.
Дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты дайындаған «Жұмабай Шаяхметов. Құжаттар мен материалдар жинағының» тұсаукесері өтті.


Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz