Новости:
25 ақпан 2022 жыл
2022 ж. 25 ақпанында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне Алматы көпсалалы колледжінен өндірістік тәжірибеден өтуге келген студенттер Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Музейінде өткен «БАЛАЛЫҚ ШАҚ – ПАТШАЛЫҚ ТАҚ» атты көрмесінің ашылуына қатысты.
Көрменің мақсаты – балалар этнографиясын өзектендіру, тәрбиелеу үрдісі үстінде балалардың танымдық қасиеттері мен адамгершілік нормаларын, ерекше қабілеттерін аша отырып, этномәдениетті сіңіруарқылы жан-жақты дамыту, тәжірбиеде қолдану. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі жүйесінде жасбуын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдерді қолдану.
«БАЛАЛЫҚ ШАҚ – ПАТШАЛЫҚ ТАҚ» көрмесінен ХІХ-ХХ ғғ. қамтитын сирек кездесетін балалардың фотосуреттері, бағалы этномәдениеттің қайнар көзі - ұлттық құндылық болып саналатын бала киімінің үлгілері, әшекейлері, «ойыншықтар әлемі», бала күтімінде қолданылатын заттары, қазақ мәдениетінің ерекшеліктерін, дәстүрлі өмір салтының отбасылық тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін көріністерді тамашалауға болады.





Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz