Новости:
11 наурыз 2022 жыл
2022 жылдың 10 наурызында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің онкология кафедрасына салтанатты түрде профессор Сәкен Нұғманұлы Нұғмановтың атын беру рәсімі өткізілді. Іс шараға Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қызметкерлері қатысты.
Рәміздік лентаны қию рәсімі институт ардагерлеріне берілді. Одан кейін іс шара мәжіліс залында жалғасты.
Онкология кафедрасының меңгерушісі, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Диляра Қайдарова С.Н. Нұғмановтың атқарған кәсіби қызметі мен оның республикадағы онкологиялық қызметтің дамуына қосқан жеке үлесі туралы айтып өтті. ҚазҰМУ ректоры Т.С. Нұрғожин ҚазҰОРҒЗИ қызметкерлерін осы айтулы күнмен құттықтап, оның басшылығына С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ің онкология кафедрасына профессор Сәкен Нұғманұлы Нұғмановтың атын тағайындау туралы скертификат табыс етті. Дәл осындай сертификат С.Н. Нұғмановтың отбасына берілді.
Институт ардагерлері С.Н. Нұғмановпен бірге істеген жұмыстары туралы естеліктерімен бөлісті. ОМҒТҚА директоры Б.А. Жұматаева өз сөзінде институт ұжымын осы айтулы күнмен құттықтай отырып, Нұғмановтар отбасына С.Н. Нұғмановтың құжаттарын мемлекеттік сақтауға уақытында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне тапсырғандары үшін алғысын білдірді. Нұғмановтың жеке қорындағы фотосуреттерін кафедраға және оның отбасына табыстады.
Сондай-ақ осы іс-шараға ОМҒТҚА қызметкерлері С.Н. Нұғмановтың жеке қорындағы құжаттары бойынша слайд-шоу дайындады. Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві қорынан алынған деректі хроникаға негізделген, сондай-ақ отбасылық архивінің бейнематериалдарынан алынған С.Н. Нұғманов туралы фильм көпшіліктің назарына ұсынылды.
Салтанатты шараға ҚазҰОРҒЗИ ардагерлері, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ басшылары және ҚазҰОРҒЗИ дәрігерлері, қала тұрғындары, профессор С.Н. Нұғмановтың туыстары мен достары қатысты.


















Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz