Новости:
05 мамыр 2022 жыл
ОМҒТҚА қызметкері Л.Ануарханова "ҚР 100 үздік маманы-2022" республикалық байқауының облыстық кезеңіне қатысып, 3 беттен тұратын эссе жазып, 14 беттен тұратын презентация жасап, I дәрежелі Дипломмен марапатталды.
«ҚР-ның 100 үздік маманы – 2022» байқауы Қазақстан Республикасы мамандары арасындағы кәсіби шеберлік конкурсы. Конкурстың ұйымдастырушылары – "Бірлік" ЖҚ, әрбір қазақстандықтың әлеуетін іске асыру мақсатында «тең мүмкіндіктер қоғамы» идеяларын іске асыру және адами ресурстардың бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру үшін жағдайларын жасауға бағытталған.
Конкурстың мақсаты – Қазақстан Республикасының үздік мамандарын анықтау, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, сондай-ақ жеңімпаз-конкурсанттардың еңбек әдістері мен тәсілдерін зерделеу негізінде ҚР-ның әртүрлі салаларының үздік қызметкерлерін көтермелеу.
Байқаудың міндеттері:
-өзін-өзі жетілдіруге ынталандыру және Қазақстан мамандарының біліктілігін арттыру;
- ҚР үздік мамандарының пулын құру;
- қатысушылар арасындағы іскерлік байланыстарды дамыту;
- қатысушылардың біліктілігін арттыру;
- мамандық имиджін арттыру.
Байқау мемлекеттік қызмет, денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт, шағын және орта бизнес, құқық қорғау жүйесі, жұмысшы мамандықтары мамандарының санаттары арасында өткізілді.
Конкурс облыстық және республикалық болып 2 кезеңде өткізілуде.
Облыстық кезеңнің тапсырмасы: Байқауға қатысушылар таңдауы бойынша презентация немесе «Менің мамандығымның қоғам өміріндегі рөлі» тақырыбындағы эссе дайындау.



Все новости

Жаңалықтар

Показать все
06 мамыр 2024 жыл
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қалалық мектеп оқушылары мен архив қызметкерлері үшін Ұлы Жеңістің 79 жылдығына арналған «Мәңгілік полк» құжаттық көрмесін ұйымдастырды.


02 мамыр 2024 жыл
2024 жылдың 2 мамырында өткен ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысында Істер номенклатуралары, Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару, және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары, ведомстволық архив және сараптау комиссиялар туралы ережелер, істер тізімдемелері және сақтауға жатпайтын істерді жоюға бөлу туралы актілері жобалары қаралды.


30 сәуір 2024 жыл
2024 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері белгілі чех ғалымы, шығыстанушы, профессор, «Чехиядағы Азия достары» клубының жетекшісі Иржи Шима және Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің дипломаттарымен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді.


26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz