Новости:
20 мамыр 2022 жыл
2022 жылдың 20 мамырында Алматы қаласында "Жобалық құжаттама: теория және тәжірибе" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияны ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві.
Конференцияда ғылыми-техникалық құжаттардың бір түрі болып табылатын жобалық құжаттаманы құру, оның сақталуын қамтамасыз етуге және практикалық қызметте, сондай-ақ тарихи-ғылыми және танымдық мақсаттарда пайдалануға қатысты мәселелердің кең спектрі талқыланды.
Осы тақырып бойынша іс-шараларды өткізу ҚР ОМҒТҚА-і үшін дәстүрге айналып келеді. Мұндай алғашқы іс – шара - "Мемлекеттік архивтердегі ғылыми – техникалық құжаттама" атты халықаралық конференция мен республикалық семинар - Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасындағы әріптестеріміздің қатысуымен 2016 жылы Алматыда өткізілді. 2020 жылы "ғылыми-техникалық құжаттама: дәстүрлі және инновациялық жұмыс түрлері" тақырыбында халықаралық семинар өтті. Оған біздің ресейлік әріптестеріміз де қатысты.
Аталған конференцияға қазақстандық архившылармен қатар Ресей Федерациясының архившілері, Бүкілресейлік құжаттану және архив ісі ғылыми-зерттеу институты (Мәскеу қ.), Ресей мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві (Мәскеу қ.), Самара қ. Ресей мемлекеттік архиві, сондай-ақ қазақстандық жобалау ұйымдарының мамандары, тиісті оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Конференция аралас режимде (онлайн және офлайн) өтті.
Конференция ҚР ОМҒТҚА директоры Б.А. Жұматаеваның ашылу сөзімен басталды. Содан соң Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті төрағасының орынбасары Г.Е. Қарсақбаева конференцияға қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі.
Одан ары қарай ҚР ОМҒТҚА ҰАҚ жинақтау және ведомстволық архивтер бөлімінің архивисі И.Қ. Ерғалиева, ҚР ОМҒТҚА директоры Б.А. Жұматаева, ҚР ОМҒТҚА ҰАҚ жинақтау және ведомстволық архивтер бөлімінің басшысы Т.С. Жанайдарова, ҚР ОМҒТҚА Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы А.А. Смағұлова, ҚР ОМҒТҚА бас сарапшысы В.Е. Печерских, ҚР ОМҒТҚА Ақпараттық технологиялар және цифрландыру бөлімімінің архивисі Т.П. Исакова, ҚР ОМҒТҚА Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің архивисі И. Аділбек, Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры М.З. Мусаханова, Бүкілресейлік құжаттану және архив ісі ғылыми-зерттеу институтының (ВНИИДАД) директоры П.А. Кюнг, Самара қаласындағы (РФ) Ресей Мемлекеттік архиві директорының орынбасары О.Н. Солдатова, «KAZGOR» жобалау академиясының BIM дамыту бойынша жетекші маманы А. Жаманқұлов, «Казтрансойл» АҚ архивариусы А.Б. Ахметова, «TAU Development» ЖШС архивариусы В.Ф. Рудняева, Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік архивінің директоры Т.Т. Аршабеков, осы архивтің архивисі Н.Б. Оралбаева және Қызылорда облысы мемлекеттік архивінің директоры Ж.А. Абзалиева қатарлылар баяндама жасады.
ҚР ОМҒТҚА директоры Б.А. Жұматаева конференцияны қортындылады. Конференцияға офлайн форматта барлығы 56 адам, онлайн форматта 24 адам қатысты.
Конференцияны дайындауға және өткізуге белсене қатысқандардың барлығы алғыс хаттармен марапатталды.
Соңында конференцияға қатысушылардың барлығы аталмыш іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, алдағы уақытта осындай конференцияларды жиі өткізіп тұруға ниет білдірді.




































Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz