Новости:
06 қыркүйек 2022 жыл
2022 жылғы 5-6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Алтыналмас» акционерлік қоғамының құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің мамандарына «Электрондық архив және іс жүргізу» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарды Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы құттықтау сөзімен ашты.
Семинардың негізгі мақсаты ғылыми-техникалық және басқару құжаттамасының құндылығына сараптама жүргізуде әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету, «Алтыналмас» АҚ қызметкерлерінің құжаттардың сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету бойынша кәсіби білімдері деңгейін арттыру болды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорын толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің қызметкерлері семинар қатысушыларына жобалық құжаттаманы ғылыми-техникалық өңдеу, құжаттардың бірыңғай электрондық архивін құру және оны жүзеге асыру мәселелері, істерді қалыптастыру мен ресімдеу, құжаттарды сақтау мен істерді электрондық архивке өткізу, ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) пайдалану тәртібі және өзге де сұрақтар бойынша ақпарат берді.
Сондай-ақ қатысушылар үшін Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне бейнеэкскурсия, «Электрондық архивке мәліметтерді енгізу», «Цифрландыру процесінің ерекшеліктері» тақырыбында бейне шолу және KAZGOR «Жобалық академиясы» ЖШС ғимаратына экскурсия ұйымдастырылды.
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Семинар Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарын ведомстволық архивтерде Қазақстан Республикасының архив ісі саласындағы заңнама талаптарына сәйкес дұрыс қалыптастыруға және сақтауға оң әсерін тигізері сөзсіз.





























Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz