Новости:
09 қыркүйек 2022 жыл
2022 жылы 9 қыркүйекте Архив қалашығының конференц-залында (Алматы қ.) белгілі энтомолог-ғалым, жазушы, биология ғылымдарының докторы Павел Иустинович Мариковскийдің 110 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің құттықтау сөзін ОМҒТҚА директорының м.а. М. Б. Шегебаев сөйлеп, дөңгелек үстелдің рәсімін ашып берді.
"П.И. Мариковскийдің өмірбаяны, кәсіби және шығармашылық қызметі" тақырыбында ОМҒТҚА Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің архивисі , әлеуметтік ғылымдар магистрі С. О. Саблин баяндама жасады. Ол ОМҒТҚА-да сақтауда тұрған П.И. Мариковскийдің жеке тектік қорының құжаттарына егжей-тегжейлі тоқталды.
Содан кейін сөз, Алматы қаласы № 134 лицейінің 11 сынып оқушысы С. Теге берілді. Оның "Өшпейтін жұлдыздар" атты баяндамасы П.И. Мариковскийдің өмірбаяны мен қызметінің ең қызықты фактілеріне арналды. Танымал журналист, жазушы О.Н. Гумирова дөңгелек үстел қатысушыларымен өз естелігімен бөлісті.
ОМҒТҚА –ның бас сарапшысы В.Е. Печерских қатысушыларға келесі жылы архив П. И. Мариковскийдің "Жартастағы суреттер, кескіндеме және графика"альбомын шығаратынын айтты.
Дөңгелек үстел соңында белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді. Іс-шараға көрме дайындалды, онда П.И. Мариковскийдің жеке қорынан алынған құжаттар, жартастағы суреттердің көшірмелері, сондай-ақ оның суреттері ұсынылды.






















Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz