Новости:
12 қыркүйек 2022 жыл
2022 жылғы 8-9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің қызметкерлері үшін «Электрондық архив және іс жүргізу» оқыту семинары өтті.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қызметкерлері ОМҒТҚА құжаттарының құрамы мен мазмұны, ғылыми-техникалық құжаттаманың құндылығы мен ғылыми-техникалық өңделуіне сараптама жасау, құжаттарды сақтау, құжаттардың бірыңғай электрондық архивін құру және оны жүзеге асыру мәселелері, ЭЦҚ пайдалану тәртібі, Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарын пайдалану бойынша жұмыстың негізгі бағыттары, анықтамалық-ақпараттық басылымдар туралы айтып өтті.
Бүгінгі таңда архив ісіндегі өзекті тақырыптардың бірі саналатын архивтік құжаттарды цифрландыру бойынша қызықты ақпарат ұсынылды. Өйткені бұл үрдіс түпнұсқа құжаттың сақталуы мен электронды ақпараттық ресурсты қалыптастыруды қамтамасыз етері сөзсіз. Жоғары ажыратымдылық сипаттамалары бар сканерлермен жұмыс және құжаттарды шаңнан тазарту процесін практикалық түрде көрсетті.
Сондай-ақ елордалық әріптестерге Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне бейнеэкскурсия, «Электрондық архивке мәліметтерді енгізу», «Цифрландыру процесінің ерекшеліктері» тақырыбында бейне шолу ұйымдастырылды.
Семинар жұмысының нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің қызметкерлеріне сертификаттар табыс етілді.



















Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz