Новости:
15 қыркүйек 2022 жыл
2022 жылғы 13-14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің қызметкерлері тәжірибе алмасу және «Электрондық архив және іс жүргізу» оқыту семинарына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві басшылығы тарапынан семинарды өткізу ұсынысы ОМҒТҚА қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласындағы Мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығында өткізген «Ғылыми-техникалық құжаттамаларды жинақтау, сақтау және пайдалану» тақырыбындағы семинар-кеңесі барысында айтылған.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қызметкерлері ОМҒТҚА құжаттарының құрамы мен мазмұны, ғылыми-техникалық құжаттаманың құндылығы мен өңделуіне сараптама жүргізу, құжаттарды сақтау ерекшеліктері, құжаттардың бірыңғай электрондық архивін енгізу мәселелері және Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану бойынша жұмыстың негізгі бағыттары жөнінде айтып өтті. ҚР ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімі қызметкерлері семинарға қатысушыларға ғылыми-техникалық құжаттама түрлері бойынша ақпарат ұсынды. Олар ғылыми-техникалық құжаттаманың әрбір түріне нақты тоқталып өтті: ғылыми-зерттеу, жобалық, конструкторлық, технологиялық және патенттік-лицензиялық. Баяндамалар танымдық слайдтармен сүйемелденді. Архив қоймаларында қызметкерлер өте қызықты экскурсия жүргізді, Алматыдағы әйгілі спорт нысандарының бірі – «Медеу» спорт кешенінің жобалық құжаттары бар фотоальбомдармен таныстырды. Мекеменің бас сарапшысы Алматы қаласындағы мәдени, спорттық, әкімшілік ғимараттарды жобалау бойынша жарияланған архивтік құжаттар жинақтарына тоқталды.
Ақпараттық технологиялар және цифрландыру бөлімінің қызметкерлері құжаттың түпнұсқасының сақталуын және электронды ақпараттық ресурсты қалыптастыруды қамтамасыз ететін архив құжаттарын цифрландыру туралы айтты. Олар жоғары ажыратымдылық сипаттамалары бар сканерлермен жұмысты және құжаттарды шаңнан тазарту процесін көрсетті. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне экскурсия ұйымдастырылды.
Семинар қатысушыларына сертификаттар табыс етілді.










Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz