Новости:
15 қыркүйек 2022 жыл
Қазақстанда 120-дан астам ұлт өкілдері тұрады, олардың әрқайсысы өздерінің салт-дәстүрлерін сақтай отырып, біздің егеменді мемлекетіміздің дамуына лайықты үлес қосуда.
Республикада адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, ұлтаралық келісім мен өзара ынтымақтастықты нығайту қағидаттарына негізделген оның барлық азаматтары арасындағы өзара қарым-қатынастардың ерекше моделі бар. Иоанн Павел II өзінің елімізге тарихи сапары кезінде Қазақстанды «әртүрлі ұлттар мен діни сенімдердегі ерлер мен әйелдер арасындағы үйлесімділіктің үлгісі» деп атады.
Қазақстанның экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, өнерін, мәдениеті мен спортын дамытуға корей диаспорасы да өз үлесін қосуда. Қазақстанда жүз мыңнан астам корейлер тұрады. Олар еліміздің ең еңбекқор және құрметті ұлттық диаспораларының бірі ретінде беделге ие. Қазақстандағы корей диаспорасы, басқалар сияқты, бұрынғы Одақ ыдырағаннан кейін туындаған қиындықтарды бастан кешірді, біздің мемлекетіміздің қалыптасуының әрбір кезеңіне белсенді қатысты.
2022 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде» Қазақстан Республикасындағы Корей диаспорасы өкілдерінің қатысуымен ғылыми-практикалық конференция өтті.
ОМҒТҚА директоры Б.А. Жұматаева қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Одан кейін архив қызметкерлері Л.А. Ануарханова, В. Е. Печерских, С.О. Саблин және А.И. Бекбалаева өз сөздерінде архивте мемлекеттік сақтауда тұрған ОМҒТҚА жинақтау көздері ведомстволық архивтердегі корей диаспорасына қатысты құжаттар туралы баяндама жасады. Атап айтқанда, 1940-1950 жылдары республикамызды күріштің рекордтық өнімімен даңққа бөлеген Қызылорда облысының күріш өсірушілері, Социалистік Еңбек Ерлері жоғары атағына ие болған Ким Ман Саме, Хван Чан Ире, Хе Се Уне, Ли Бен Сер, Ким Чан Дан және басқалары туралы сөз болды. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеген және республикадағы онкологиялық қызметтің дамуына қомақты үлес қосқан корей диаспорасының белгілі өкілдері қатарында дәрігерлер, ғалым-онкологтар О.М. Ким, Е. Г. Цай, С. В. Хан, А. И. Цой бар. Сондай-ақ, корей диаспорасының мәдениет, ғылым және спорт саласындағы басқа да өкілдері сөз сөйледі.
Архив қонақтары - мемлекеттік Республикалық академиялық корей музыкалық комедия театры директорының орынбасары Р.Э. Тен және сақтандыру компаниясының қызметкері М. Цой Қазақстандағы корей диаспорасының өмірі мен қызметі туралы өз ойлары мен естеліктерімен бөлісіп, жалпы біздің дәуіріміздің ең қиын тарихи қайғылы кезеңдерінде қазақ халқының конференцияға көрсеткен қолдауы үшін алғыстарын білдірді.
Соңында архив қызметкерлері қонақтарды Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау шарттарымен, сондай-ақ бірегей және аса құнды құжаттар көрмесімен таныстырып, архив қоймаларына экскурсия жасады.

















Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz