Новости:
05 қараша 2015 жыл
2015 жылдың 4 қарашасында ОМҒТҚМ басшыларының апалы-сіңілі Жамиля (м.ғ.д., профессор, Қазақ Ұлттық медициналық университетінде инфекциялық саулықты бақылау бөлімі бастығы) және Дамиля (м.ғ.д., профессор, Қазақстанның жанұялық дәрігерлер Ассоциациясы президенті) Нұғмановалармен кездесуі өтті. Олардың әкелері, Сәкен Нұғманұлы Қазақ онкология және радиология Ғылыми Зерттеу Институтының және медицинаның осы бағыты бойынша Қазақстандағы емдік және ұйымдастыру-әдістмелік орталықтың алғашқы директоры және негізін қалаушы болды.
1968 ж. 10 шілдеде С.Н. Нұғмановқа берілген өндірістік сипаттамадан: «соңғы 15-20 жылда Қазақ республикасында ісікке қарсы күресті ұйымдастыруда (ғылыми және әдістемелік кадрлар дайындау, онкологиялық мекемелер желісін өрістету, қатерлі ісікті емдеу және алдын алу диагностикасының жаңа әдістемесін енгізу, жаңа диагностикалық және емдік құрылғылармен қамтамсыз ету, материалдық-техникалық база құру, практикалық дәрігерлерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту және т.б.) доцент С.Н. Нұғмановтың сіңірген еңбегі өте зор. Ол ісікке қарсы іс шараларды жүргізуге және қатерлі ісіктің таралу ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған, республиканың шалғай аудандарына 39 ғылыми-техникалық экспедициясын ұйымдастырушысы және қатысушысы». Кездесуде дәрігер және ғалым Нұғмановтың келе жатқан 100-жылдық мерейтойына байланысты оның жеке қорын ОМҒТҚМ-ға мемлекеттік сақтауға өткізуді дайындау туралы мәселе талқыланды.



Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz