Новости:
23 қыркүйек 2022 жыл
2022 жылдың 23 қыркүйегінде Қазақстан Репсубликасы Орталық мемлекеттік архиві қалашығының мәжіліс залында «Қазақтың Алтын Аңызы – Оспан батыр және Нұрғожай батырдың мұрасы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Америкалық тарихшы Линда Бенсон «Қазақтың алтын аңызы» деп атаған Оспан батыр бүкіл Алтай өлкесі мен Шығыс Түркістанды Қытай губернаторы, Шыңжаң генерал-губернаторы Шэн Шицайдың езгі ықпалынан азат етуді өзіне мақсат етіп қойды. Оспан батырдың тынымсыз күресінің бұрын бізге беймәлім, жаңа қырларын ашатын, Оспан батырдың серіктерінің бірі болған Нұрғожай батырдың естеліктерінің тарихи маңызы өте зор.
Іс-шара қазақ халқының біртуар тұлғаларының ерлік істерін насихаттауға бағытталған және жас ұрпақтың рухани байыун қалыптастыруға септігін тигізері сөзсіз.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві ұйымдастырды. Конференцияны ОМҒТҚА директоры Б.А. Жұматаева жүргізді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қ.Қ. Бораш және Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Кабулдинов конференцияға қатысушыларға құттықтау сөзін сөйледі.
Одан кейін тарих ғылымдарының докторы, профессор Абдуақап Қара (Түркия Республикасы); Нұрғожай батырдың ұлы Баһадыр Қажыхан (Түркия Республикасы); саясаттану ғылымдарының докторы, профессор С.М. Борбасов; тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж. Ошан; тарих ғылымдарының кандидаты А. Дәулетхан; Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты С.Қ. Шілдебай; Түркістан қаласы, Төле-би атындағы №19 жалпы орта мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Қ. Мырзабекова; Оспан батырдың немересі Өркен Нәбиұлы; Халифа Алтай қорының жетекшісі Абдуррахим Алтай; Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маман-архивисі И.Е. Әділбек қатарлы қатысушылар баяндама жасады.
Нұрғожай батырдың Оспан батыр туралы қолжазбасының түпнұсқасын Нұрғожай батырдың ұлы Бахадыр Қажыхан Қазақстан Республикасына сыйға тарту етті. Бұл сыйлықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қ.Қ. Бораш қабылдап алды және ОМҒТҚА-не мемлекеттік сақтауға табыстады.
Конференцияға ғалымдар, ғылыми мекеме басшылары, архив мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, Алматы қаласындағы көпсалалы колледж студенттері қатысты.
Конференция соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.


































Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz