Новости:
10 қазан 2022 жыл
2022 жылғы 6-7 қазанда Минск қаласының Беларусь Республикасы Ұлттық Архивінің құрылғанына 100 жыл толуына орай салтанатты іс-шаралар өтті. Іс шараға ОМҒТҚА директоры Б.А. Жұматаева, ҚР ОМА директорының орынбасары М.Г. Жылысбаева және ОМҒТҚА бөлімінің басшысы Т.С. Жанайдарова Қазақстан Республикасының делегациясы болып қатысты.
Қазақстан делегациясының басшысы Б.А. Жұматаева беларусь әріптестерін мерейтойымен құттықтап, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қ.К. Бораштың құттықтау мәтінін оқып, естелік сыйлық табыс етті.
Құттықтауда беларусь және қазақстандық архивистерді көп нәрсе біріктіретіні атап өтілді. Көптеген онжылдықтар бойы біз тығыз кәсіби байланыстарды сақтап, жұмыс тәжірибемізбен бөлісіп келдік. Біздің мемлекеттеріміз тәуелсіздік алғаннан кейін бұл байланыстар жойылған жоқ және ынтымақтастық өзінің жалғасы мен дамуына ие болып келеді. беларусь және қазақстандық архивистер архив жөніндегі ірі халықаралық форумдардың жұмысына, сондай-ақ көптеген екіжақты іс-шараларға қатысып, жинақталған тәжірибелерін алмасу тұрғысынан жемісті және тиімді қарым-қатынасты жалғастыруда. Бұған Қазақстан Республикасында өткізілетін халықаралық конференциялар мен семинарлардың жұмысына беларусь архивистерінің белсенді қатысуы және Беларусь тарапынан ұйымдастырылған іс-шараларға шақыруларын үлкен ықыласпен қабылдап, сөз сөйлеген Қазақстан архивистерінің белсенді жауабы дәлел.
Беларусь архивтерінде Қазақстан тарихына байланысты құжаттар мен материалдарды анықтауда беларусь әріптестеріміздің Қазақстан архивистеріне қолдауы ерекше аталып өтілді. Осындай жұмыстың нәтижесінде Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара қатынастар арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры мемлекетіміздің тарихы жөніндегі бұрын белгісіз болған жаңа архив құжаттарымен толықтырылды.
Сондай-ақ, қазақстандық және Беларусь архивистері арасындағы кәсіби және достық байланыстардың алдағы уақытта да лайықты жалғасын табатындығына сенім білдірді.
Мерейтой аясында «Тарихтағы архивтер - архивтердегі тарих» атты Халықаралық ғылыми – практикалық конференция өтті. Қазақстан Республикасы атынан «Архив ісі және құжаттарды басқарудың қазіргі заманғы үрдістері мен даму перспективалары» секциясында «Қазақстан Республикасының қазіргі ақпараттық кеңістігіндегі Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» тақырыбымен Б.А. Жұматаева және «Республикалық орталық мемлекеттік архиві құжаттарының ерекшеліктері мен көптілділігі» тақырыбында М. Г. Жылысбаева баяндама оқыды.
Беларусь және қазақстандық архивистерден басқа мерейтойлық іс-шараларға Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасының архив саласының өкілдері қатысты.













Все новости

Жаңалықтар

Показать все
02 мамыр 2024 жыл
2024 жылдың 2 мамырында өткен ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысында Істер номенклатуралары, Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару, және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары, ведомстволық архив және сараптау комиссиялар туралы ережелер, істер тізімдемелері және сақтауға жатпайтын істерді жоюға бөлу туралы актілері жобалары қаралды.


30 сәуір 2024 жыл
2024 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері белгілі чех ғалымы, шығыстанушы, профессор, «Чехиядағы Азия достары» клубының жетекшісі Иржи Шима және Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің дипломаттарымен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді.


26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz