Новости:
06 қараша 2015 жыл
2015 ж. 7 қарашасында Онкология және радиология ҒЗИ 1990-2004 жж. директоры, ҚР Ұлттық ғылым Академиясының тұрақты мүшесі Абдрахманов жаңалық Ниязұлының туған күніне 80 жыл толады.
Дәрігер-академиктің жеке қоры ҚР Ұлттық мұрағат қоры құрамына енгізу үшін дайындалуда. Жаңалық Ниязұлы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында туылды. Оның әкесі – Абдрахман Ниязұлы (1889-1943), анасы – Күнжан Еспенбетқызы (1901-1973). Жанұяларында 5 бала болды, оның ішінде үшеуі жоғары білімді болды. Үлкен ұлы Талғаттың өмірі өте ауыр болды. Ол әскери тұтқындар қатарында болды, 1940 жж. аяғында жазаға тартылды, бірақ кейін барлық марапаттарымен ақталды. Жаңалық Ниязұлы соғыс жылдарында, барлық өзінің қатарластары сияқты, үлкендерге егін жинасуға көмектесті. Орта білім алғаннан кейін Алматы қ. келді және қатарынан екі жоғарғы оқу орнына емтихан тапсырды: педагогикалық және медициналық. Бірінші жылы екі жақта бірдей оқыды. Бірақ 2 курстан бастап дәрігерлік мамандықты таңдап педагогикалық институттан кетті. 1959 ж. Алматы мемлекеттік медициналық институтының санитарлық-гигиеналық факультетін бітірген соң Жаңалық Қызылорда облысына жұмысқа жіберілді, ол жерде Қармақшы ауданы учаскелік ауруханасының меңгерушісі қызметін атқарды. 1961 ж.
Жаңалық Абдрахманов «медициналық радиология» мамандығы бойынша ҚазКСР ҒА өлкелік патологиясы ҚазҒЗИ аспирантурасына түсті, ал 1964 ж. оны бітірген соң Қазақтың онкология және радиология ҒЗИ-на жұмысқа жіберілді. Институтта ол аға ғылыми қызметкер болып одан кейін клиникалық радиология бөлімшесінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1975 ж. маусымынан Ж. Абдрахманов Алматы медицина институтының ренгено-радиология кафедрасының доценті, 1989 ж. осы кафедраның мегерушісі. 1990 ж. ол медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі ізденісіне диссертациясын сәтті қорғап, Қазақтың онкология және радиология ҒЗИ директоры болып тағайындалды, 1992 ж. профессор атағын алды. 1994 ж. мамырда Жаңалық Ниязұлын «медицина» мамандығы бойынша Қазақ Ұлттық ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі етіп, 2002 ж. қарашада оның тұрақты мүшесі етіп сайлады.
Өзінің ғылыми қызметін Ж. Абдрахманов, қатерлі ісіктерді гаммамен сәулелендіру емінің жаңа тәсілінің 5-жылдық қорытындысын жариялаудан бастады. Осы уақыттан бсатап оның көпқырлы ғылыми қызметі қатерлі ісіктерді емдеу принциптерінің жаңа тәсілдерін, және де адам денесінің ионданған сәулелер әсеріне реакциясын зерттеуге арналды. Жүргізілген ғылыми жұмыстың нәтижесі 1968 ж. «Сәулемен емделген онкологиялық аурулардың қанындағы кейбір элементтердің (кобальттың, никельдің, жездің, темірдің) мөлшері» тақырыбында кандидаттық диссертация болып қорғалынды. Онда, құрамында микроэлементтер бар препараттарды қолданып қандағы сәуле залалын азайтудың жаңа жолдары ұсынылды. Осы жылдары және одан кейін де Ж. Абдрахманов өз қызметкерлерімен, адам денесін радиация залалынан қорғайтын препараттарды зерттеуге көп көңіл бөлді. Бұл жұмыстар қорғаныстық маңыздылығына байланысты «құпия» деген грифпен жүргізілді. Ж. Абдрахмановтың ғылыми зерттеулері сәулемен емдеудегі дозаларды динамикалық бөлшектеудің жаңа үлгілерін жасауға мүмкіндік берді және олардың артықшылығы дәлеледнді. Емнің ұтымдылығы соншама айқын, бұл үлгілер клиникалық практикада тез және кең түрде қолданыла бастады, егерде оларды Ж. Абдрахманов жетілдірген, ісіктердің радиосезімталдығын арттыратын жаңа тәсілмен біріктіргенде операция жасауға келмейтін өңеш қатерлі ісігімен науқастанғандардың өмірін елеулі ұзартуға мұмкіндік берді. Бас онколог ретінде Ж.Н. Абдрахманов елдегі онкологиялық қызметтің жағдайын жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізді, соның ішінде онкодиспансерлердің өзіндік мәртебесін сақтау бойынша (Шығыс Қазақстан ООД, Қызылорда ООД, Оңтүстік Қазақстан ООД), ШҚО Ақжар а. Аудандық аурухана базасында қатерлі ісіктердің жаңа түрлерінің алдын алу бөлімшелерін ашу бойынша.
Сіңірген еңбегі, ғылыми және қоғамдық қызметі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына және «Қазақстан Республикасы дансаулық сақтау ісінің үздігіне» омырау белгісіне ие болды.
Екі мәрте Мемлекеттік ғылыми стипендиясының стипендиаты болды. Бірнеше рет ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталды.
Жары - Әсия Қазтайқызы Едігенова (25 қараша 1937 ж.– 5 ақпан 2015 ж.). Балалары – ұлы Мәлік 1963 ж.т., қызы Әлия 1966 ж.т. Жанұяның барлық мүшелері – дәрігерлер, 5 немере, шөберелері бар.

Ж.Н. Абдрахманов жас кезінде.
















Ж.Н. Абдрахманов жары Едігенова Әсия Қазтайқызымен. 1977 ж.







Дәрігер-онколог Ж.Н. Абдрахманов. 1970-шы жж ортасы.














Ж.Н. Абдрахманов әріптестерінің ортасында. 1990-шы жж.








ТМД елдерінің онкологтары Кембриджде. Солдан оңға қарай: Ж.Н. Абдрахманов, акад. А.М. Гарин (Ресей), С.Х. Кобиков. Ұлыбритания [1993 ж.].

Все новости

Жаңалықтар

Показать все
25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz