Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Т.Жанайдарова мен И.Ерғалиева «Алтыналмас АК» Акционерлік қоғамында болып, ұжымды 30 жылдық мерейтойымен құттықтады!
«Алтыналмас АК» АҚ асыл металдар мен асыл тастарды өңдеу, республиканың алмаз өнеркәсібін дамыту саясатын жүзеге асыру бойынша көптеген жұмыстар атқарып, Қазақстанның сауда-экономикалық дамуына өз үлесін қосуда.
Бай құжаттық қоры бар «АҚ Алтыналмас» Акционерлік қоғамы ОМҒТҚА толықтыру көзі болып табылады. Ол бүгінгі таңда архивті зерттеушілер пайдаланып жүрген деректік базамен толықтырды.
«АҚ Алтыналмас» АҚ әкімшілік департаментінің директоры Бегалин Ернар Алтайұлы құттықтау үшін архив басшылығына алғысын айтып, алдағы уақытта жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.
Жаңару мен жасампаздықтың бастауы саналатын Ұлыстың ұлы күні, ырыс-берекенің арқауы Наурыз мерекесі қарсаңында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде мерекелік іс-шара өткізілді.
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері кеңестік және қазақ театр және кино актрисасы, Қазақ КСР халық әртісі Бикен Римованың 100 жылдығына арналған «Өнермен өрілген өмір» көрмесінде болды. Көрмені Жетісу облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры Алматы қ. «Мәскеу» метрополитен станциясында ұйымдастырды.
2023 жылғы 15 наурызда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің "Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві" РММ Медиа - Жоспарына сәйкес архивтің әдістемелік кабинетінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері және Алматы қаласының көпсалалы колледжі студенттеріне "П.И.Мариковский. Жартастағы суреттердің көшірмелері. Графика. Кескіндеме" атты кездесуі өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрінің, мемлекеттік органдар басшыларының, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің қатысуымен кеңес өткізді.