Новости:
15 наурыз 2023 жыл
2023 жылғы 15 наурызда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің "Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві" РММ Медиа - Жоспарына сәйкес архивтің әдістемелік кабинетінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері және Алматы қаласының көпсалалы колледжі студенттеріне "П.И.Мариковский. Жартастағы суреттердің көшірмелері. Графика. Кескіндеме" атты кездесуі өтті.
Альбомның негізгі мақсаты - көпшілік оқырманды белгілі Қазақстандық энтомолог, биология ғылымдарының докторы, жазушы және публицист Павел Иустинович Мариковскийдің (1912-2008 жж.) бай шығармашылық мұрасымен таныстыру.
Альбомды дайындау жұмыстары 2022 жылы құжаттарды анықтаудан басталды. Құжаттардың барлық жиынтығы ОМҒТҚА - де сақталатын ғалымның №113 жеке қорынан алынды.
Құрылымдық жағынан альбомда ұсынылған барлық құжаттар үш бөлімге бөлінген: "Үңгір суреттерінің көшірмелерінің жинағы", "П.И.Мариковскийдің суреттері", "П. И.Мариковскийдің картиналары".
"Үңгір суреттерінің көшірмелерінің жинағы" бөлімі П.И.Мариковскийдің 1999 жылы Алматыда жарық көрген "Тастар айтады" деген кітабынан үзінділерінен алынды. Бұл қызықты мәтін оқырманға ата-бабаларымыздың ежелгі өнерінің осы түрі туралы жалпы түсігін ашып және ең қызықты олжалар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Альбомда барлық үңгір суреттері (дәлірек айтқанда, олардың көшірмелері) бар, олар ОМҒТҚА-де мемлекеттік сақтауда орналасқан.
Әр суреттегі экспонаттарға аннотацияларды П.И.Мариковскийдің өзі құрастырған. Олар экспонаттың түгендеу нөмірін, түпнұсқаның сипаттамасын, орналасқан жерін, тасқа сурет салудың шамамен күнін және сурет салынған материалдың атауын көрсетеді.
Екінші бөлімдегі "П. И.Мариковскийдің суреттері" төрт бөлімге бөлінген: 1)"Табиғат әлемінде. Графика. Пейзаждар", 2)"Жәндіктер әлемінде. Графика. Жануарлар", 3)"Наши бисмаляшки", 4)" 1983 және 1984 жылдардағы суреттер. Альбом". Басым көпшілігінде әр сурет авторлық жазумен, сондай-ақ Мариковскийдің тиісті шығармасынан мәтіннің үзіндісімен бірге жүреді (өздеріңіз білетіндей, Павел Иустинович өз кітаптарын жиі суреттеген). Мұнда әр сурет бойынша іздеу мәліметтері келтірілген.
"Наши бисмаляшки" атты бөлімінде П.И. Мариковскийдің 2004 жылы Алматыда басылған ұқсас атаумен шыққан кітабынан мәтін үзіндісі пайдаланылды. Бұл альбомда суреттердің аз ғана бөлігі ұсынылған.
"П.И.Мариковскийдің картиналары" атты үшінші бөлімінде барлық кескіндер екі бөлімге бөлінеді: 1) "Пейзаждар", 2) "Жануарлар". Әр суреттің авторлық тақырыптары, кескіндеме жазылған жылы, орындалған материал, орындау техникасы, сонымен қатар суреттің өлшемдері келтірілген. Әрбір экспонат бойынша іздеу мәліметтері көрсетіледі. Бұл альбомда П.И.Мариковскийдің жеке қорында сақталған барлық дерлік картиналары бар.
Альбомда барлығы 262 құжат бар, оның ішінде 159 сурет, 83 картина және үңгір суреттері көшірмесінің 20 данасы бар. Альбомның жалпы көлемі- альбомдық проекцияда 281 компьютерлік парақты құрайды.
Альбомға арналған ғылыми-анықтамалық аппарат титулдық парақтан, мазмұннан, қысқартулар тізімінен және құрастырушылардың өтініштерінен тұрады.
Қазіргі уақытта альбомның макеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару және пайдалану мәселелері жөніндегі кеңестің қарауында. Альбомды шығару ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған.
Альбомның жауапты құрастырушысы, ОМҒТҚА бас сарапшысы В.Е.Печерскийдің осы басылымды дайындау барысы туралы әңгімесі альбомнан ұсынылған жекелеген құжаттарды (үңгір суреттерінің көшірмелері, графикалық суреттер, пейзаждық эскиздер және т. б.) экранда көрсетілумен өтті. Жеке экспонаттар түпнұсқада көрсетілді.
Басылым туралы ақпарат жиналғандардың қызығушылығын тудырды. Студенттер ұйымдастырушыларға П. И.Мариковскийдің өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтар қойды. Архив мамандары олардың ешқайсысын назардан тыс қалдырмады және осы көрнекті ғалым, зерттеуші, ғылымды танымал етуші, суретші, энциклопедиялық білімді жеткізуші, біздің отандасымыз – Павел Иустинович Мариковскийдің барлық өмірлік және шығармашылық бұрылыстарын барынша толық атап өтті.




















Все новости

Жаңалықтар

Показать все
25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz